Қазақстан Республикасы ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институты

МКҚБ кезекші бөлімдерінің жұмысын ұйымдастыру бойынша біліктілігін арттыру курсы

30.01.2018

2018 жылғы 29 қаңтарда Қазақстан Республикасы ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институтына МКҚБ кезекші бөлімінің инспекторлары біліктілігін арттыру курсына келді.

Институт бастығының сап бөлімі жөніндегі көмекшісі полиция полковнигі К. Манапбаев олармен саптық тексеріс өткізіп, киім кию тәртібін, күн ережесін түсіндірді.

2018 жылғы 30 қаңтарда  институт бастығының оқу жұмысы жөніндегі орынбасары полиция полковнигі Д.Дәулетияров және КжҚБФ бастығы полиция полковнигі С.Гизатов біліктілігін арттыру курсының тыңдаушыларымен кездесіп, Қазақстан Республикасы Президенті                      Н.Ә. Назарбаевтың 2018 жылғы 10 қаңтардағы «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері»  атты жолдауы бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Сонымен қатар, тыңдаушыларға өз саласы бойынша, яғни, кезекші бөлім қызметіне қатысты пайдаланылатын нормативтік-құқықтық актілер, бұйрықтар бойынша сұрақтар қойылды.

Өткізілген сұрақ-жауап нәтижесі бойынша институт және факультет басшылығы  профессорлық-оқытушылық құрамға осы бағыт бойынша тыңдаушыларға жұмыс барысында қолданатын нормативтік-құқықтық актілерді тереңдете оқытуға ұсыныс берді. Біліктілігін арттыру курсы аяқталған соң, тыңдаушылардың білімдерін қайта тексеру туралы шешім қабылдады.

 

ҚжҚБФ аға әдіскер оқытушысы

полиция майоры                         

Д. Тулеуов