Қазақстан Республикасы ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институты

Кураторлық сағат шеңберінде психолог Д.С. Асқарованың қатысуымен семинар-тренинг

3.02.2022

Ішкі істер органдарының маңызды міндеті елдегі қоғамдық тәртіпті сақтау болып табылады. Оның ауқымдылығы мен күрделілігі қазіргі жағдайда, біздің қоғам өмірінің барлық салаларында өткенді түсінуді, ойлауды қайта құруды және объективті шындықты дұрыс бағалауды қажет ететін өзгерістер болған кезде артады. Осыған байланысты полиция қызметкерлерінің кәсіби психологиялық қасиеттері мен білімін дамыту және жетілдіру қысылтаяң жағдайларда да, күнделікті қызметте де туындайтын міндеттерді жоғары деңгейде орындау үшін қажет.           Осы міндеттерді жүзеге асыру мақсатында, тәрбие жұмысы аясында 2022 жылдың 3 ақпанында арнайы бастапқы оқыту курстарының 21 топ кураторы, қылмыстық құқық, қылмыстық процесс және криминалистика кафедрасының оқытушысы полиция подполковнигі Б.М. Мухамедьярова кураторлық сағатқа Ақтөбе қаласы ПБ Алматы ауданы №3 ҚПБ инспектор-психологы Дина Серікқызы Асқарованы қатыстырып, «Азаматтар тарапынан агрессиямен және арандатушылық мінез-құлықпен жұмыс істеу тактикасы мен тәсілдері» тақырыбында психологиялық коммуникациялық тренинг өткізді. Тренинг барысында тыңдаушылар кәсіби қарым-қатынас негіздерін, азаматтардың түрлі санаттарымен қарым-қатынастың психологиялық негіздерін, қызметтік әрекеттегі жанжалдардың алдын алу мен шешуді, келіссөздер жүргізудің психологиялық негіздерін, жеке тұлғаның көрнекі психодиагностикасын, сондай-ақ қылмыстық ой-ниеттерін көтеретін, террористік актілер мен экстремистік әрекеттер жасауды жоспарлайтын адамдарды сыртқы белгілері бойынша анықтауды (профайлинг негіздерін) үйренді. Сонымен қатар, күнделікті іс-әрекетте психологиялық өзін-өзі реттеу дағдыларын игеруге, өмірге қауіп төндіретін және зиян келтіретін жағдайларда психологиялық тұрақтылықты сақтауға ерекше назар аударылды. Кураторлық жұмыстың бұл форматы ұжымда қолайлы психологиялық климаттың бейімделуіне және қалыптасуына ықпал етеді, кәсіби қарым-қатынас дағдыларын дамытады, сонымен қатар батылдық, бастамашылдық, табандылық, Тәуелсіздік, өзіне деген сенімділік, психологиялық тұрақтылық және мақсаттарға қол жеткізудегі мақсаттылық сияқты кәсіби қасиеттерді дамытады. ҚҚҚПжК кафедрасының оқытушысы полиция полковнигі                                  Б.М.Мухамедьярова