Қазақстан Республикасы ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институты

Кинологиялық орталыққа шығу сабағы

11.11.2021

Оқу процесінің тәжірибелік-бағдарлануы қазіргі заманғы ведомстволық білім берудің басым міндеттерінің бірі болып табылады. Осыған байланысты қылмыстық құқық, қылмыстық процесс және криминалистика кафедрасының профессорлық-оқытушылық құрамы Ақтөбе облысы ПД бөлімшелерінің базасында институт курсанттары мен тыңдаушылары үшін сабақтар өткізуді тәжірибеде қолданады.
Ағымдағы жылдың 2-10 қараша аралығында “Криминалистика” пәні аясында Ақтөбе облысы ПД кинологиялық қызмет орталығында кинолог-мамандарды тарта отырып, “Криминалистикалық міндеттерді шешудегі ольфакторлық (иісті) әдіс” тақырыбында тәжірибелік сабақтар өткізілді. Сабақ барысында тыңдаушылар мен курсанттар иіс іздерінің түрлерімен, қасиеттерімен, одорологиялық сараптаманың заманауи мүмкіндіктерімен, сондай-ақ қылмыскерді “ізін суытпай” іздеудің ерекшеліктерімен, қызметтік-іздестіру иттерінің ізімен жұмыс істеуге кедергі келтіретін факторлармен танысты. Сонымен қатар, кинологтар ит биодетекторымен одорологиялық іріктеуді жүзеге асыру процесін көрнекі түрде көрсетті.