Қазақстан Республикасы ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институты

Институтта кадеттерге экскурсия өткізілді

26.05.2023

Балаларды қорғау күні қарсаңында М.Дұлатұлы атындағы №63 орта мектеп-лицейінің кадеттеріне арнап “Ашық есік күні” өткізілді.

Іс-шараның мақсаты-оқушылардың құқықтық сауаттылығын қалыптастыру, адамгершілік-рухани құндылықтарды насихаттау, сондай-ақ полиция жұмысымен танысу және қауіпсіздік шараларын үйрету. Кадеттермен болашақ полиция қызметкерлеріне қойылатын талаптар, полиция жұмысының ерекшеліктері туралы әңгіме жүргізілді.

Оқу жылының аяқталуына орай кадеттер өз кезегінде институт оқытушыларына құқық қорғау қызметінің негіздерін оқытуға қосқан үлесі үшін алғыс білдірді.