Қазақстан Республикасы ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институты

Жеңіл атлетикалық эстафета

1.07.2018

Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті саябағының  аумағында ағымдағы жылдың 30 маусымында Астана қаласының 20 жылдығына орай дәстүрлі полицейлік  жеңіл атлетикалық эстафета жарысы өтті. Биылғы өткізілген жарыс жеңіл атлетикалық эстафетаны жас бүлдіршіндердің бастап беруімен ерекшеленді.

12 команда, 84 қатысушылар қатысты. Бірінші орынды — «облыстық ІІД Аппараты» құрама командасы, екінші орынды — «МКҚБ ММ» командасы, үшінші орынды — «ЖҚАЖ» және төртінші орынды — Қазақстан Республикасы ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институтының құрама командасы иеленді.

Аталған іс-шараны Ақтөбе облысы бойынша «Динамо» қоғамдық бірлестігімен бірге Ақтөбе облысы ІІД Арнайы даярлық басқармасы және Ақтөбе облысы ІІД Кадр жұмысы басқармасы ұйымдастырған болатын.

Жеңімпаздар Ақтөбе облысы бойынша «Динамо» қоғамдық бірлестігінің есебінен медальдармен және кубоктармен марапатталды.

 

ӘжДШД кафедрасының

аға оқытушысы

полиция майоры

А.А. Мергалиев