Қазақстан Республикасы ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институты

«Діни экстремизмге қарсы іс-қимылдың өзекті мәселелері» тақырыбында дәріс сабағын өткізу туралы

23.02.2018

2018 жылғы 05 ақпандағы елордамыз Астананың 20 жылдық мерейтойын атап өтуге арналған іс-шаралар жоспарының 1-тармағын орындау мақсатында 2018 жылғы 22 ақпанда сағат 16.00-17.00 аралығында институттың акт залында жедел іздестіру қызметі кафедрасы және тәрбие жұмысы бөлімінің ұйымдастыруымен Ақтөбе облысының Дін істері басқармасы ММ «Аңсар» ақпараттықталдау орталығының теолог-маманыРазақ Тастанбек Нұрмұхаметұлының қатысуымен институт қызметкерлері, 1А курс, 1Б курс курсанттары мен арнайы бастапқы оқыту курсының тыңдаушыларына «Қауіпсіздік қала. Мәдени-бұқаралық іс-шараларды өткізу уақытында қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, діни экстремистік тұлғаларды анықтау» тақырыбы бойынша дәріс сабағы өткізілді.

Осы өткізілген дәріс сабағының мақсаты – қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, діни экстремизмге қарсы іс-қимылдың өзекті мәселелерін қарастыру және талқылау, курсанттар мен тыңдаушыларғатәрбие және насихаттау жұмысын өткізу.

Дәріс сабағының ашылуындағыалғашқы сөзинститут бастығының оқу жұмысы жөніндегі орынбасары полиция полковнигі Дастан Амангелдіұлы Дәулетияровқаұсынылды және оләрі қарай дәріс сабағын курсанттар мен тыңдаушыларға діни бағыт бойынша сұрақ-жауап ретінде өткізу үшін теолог-маманға сөз берді. Сонымен қатар,бейнероликтер көрсетілді.

Сабақсоңында дәріскералғысхатпен және сыйлықпен марапатталды.

 

ЖІҚ кафедрасының доценті

полиция подполковнигі

М.Ж. Найманбаев