Қазақстан Республикасы ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институты

ПД ЖКБ-да шығу тәжірибелік сабақтар

25.05.2023

Қылмыстық құқық, қылмыстық процесс және криминалистика кафедрасының профессорлық-оқытушылық құрамымен алғашқы кәсіби даярлық курсының тыңдаушылары үшін ұйымдастырылған тәжірибелік сабақ барысында кинология орталығының инспекторы, полиция аға лейтенанты М.У. Жамалов одорологиялық сараптама жүргізу тәртібі мен ережелерін, тұрғын үй-жайларды, сондай-ақ автокөлікті тексеру және тінту жүргізу кезінде есірткі құралдарын анықтау тәртібін көрнекі түрде көрсетті. 

ПД Жедел криминалистикалық басқармасының қызметкерлері “Папилон”, “Образ++”, “Пулегильзотека” және күнделікті қызметте практикалық қызметкерлер қолданатын басқа да іздестіру жүйелерінің жұмыс істеу принциптерін түсіндірді.