Қазақстан Республикасы ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институты

«Бүкіләлемдік ақпараттық Интернет желісінде экстремизм мен терроризм идеологиясының таралуына қарсы іс-қимыл және ерте профилактиканың алдын алу жүйесі» халықаралық дөңгелек үстел

27.08.2021

2021 жылғы 23 тамызда ҚҚҚПжК кафедрасының аға оқытушысы полиция майоры Р.Б. Молдыбаева Өзбекстан Республикасы ІІМ ұйымдастырған ZOOM платформасында «Бүкіләлемдік ақпараттық Интернет желісінде экстремизм мен терроризм идеологиясының таралуына қарсы іс-қимыл және ерте профилактиканың алдын алу жүйесі» тақырыбында халықаралық (Қазақстан, Өзбекстан, Германия) дөңгелек үстелге қатысты. Дөңгелек үстелде зорлық-зомбылық экстремизмінің алдын алу және оған қарсы күрес, пандемия кезінде ақпараттық кеңістікте экстремизм мен терроризм идеясын тарату, Интернет кеңістігінде терроризм мен діни экстремизмді насихаттай отырып, веб-ресурстар мен материалдарды анықтау және бейтараптандыру бойынша Қазақстан Республикасы уәкілетті органдарының тәжірибесі және т.б. мәселелері талқыланды.