Қазақстан Республикасы ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институты

БІЛІМ САПАСЫН БАҚЫЛАУ ЖӘНЕ МОНИТОРИНГ БӨЛІМШЕСІ

22.12.2022

Білім сапасын бақылау және мониторинг бөлімшесі 2019 жылдың қарашасында құрылды. Бөлімшенің бастығы полиция подполковнигі Левченкова Алена Николаевна, аға инженер-программист полиция  майоры Толепберген  Орынбек Сапарбекулы.

Бөлімшенің функцияларына мыналар кіреді:

  • академиялық топтар мен ағындарды қалыптастыру;
  • курсанттардың жеке оқу жоспарларын белгіленген тәртіппен тіркеу;
  •  курсанттардың академиялық рейтингісін есептеу;
  •  оқытудың академиялық кезеңі ішінде және оқудың барлық кезеңінде курсанттардың игерген кредиттерін есепке алу;
  • курсанттардың транскриптерін толтыру;
  •  курсанттардың үлгерімін ағымдағы бақылау, межелік бақылау, аралық және қорытынды аттестаттау мониторингін ұйымдастыру және жүргізу;
  •  оқу жылына арналған оқу жұмыс жоспарлары мен академиялық күнтізбеге сәйкес талдау және қорытындылау;
  •  академиялық ұтқырлықты ұйымдастыру;
  • мониторинг үшін бақылау құралдарының (тест тапсырмаларының деректер банкі) және технологиялардың (тестілеу, сауалнама жүргізу жүйелері) қорын құру және білім сапасын бағалау;
  • аралық бақылау жүргізу технологиясының сақталуын бақылау;
  • курсанттарды аралық және қорытынды аттестаттау кезінде бақылау, сынақтар және емтихандар ;
  • мемлекеттік емтихан комиссияларының құрамын қалыптастыру және жұмысын ұйымдастыру, нәтижелерін талдау және олардың жұмыс қорытындысы бойынша ұсыныстар дайындау;
  •  білім беру қызметін дамыту және курсанттардың үлгерімін арттыру бойынша ұсыныстар жинау;
  •  білім беру сапасының мониторингі мен бағалау құжаттамасын әзірлеу;
  •  оқытушыларға, курсанттарға, түлектерге сауалнама жүргізу;
  •  апта сайын кредиттік технология бойынша жеке және топтық рейтингтің қорытындысын шығару.