Қазақстан Республикасы ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институты

Біліктілікті арттыру және кадрларды қайта даярлау факультетінің тыңдаушылармен көшпелі сабақ

19.04.2024

2024 жылғы 19 сәуірде Қазақстан Республикасы ІІМ Малкеджар Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институтында кадрлардың біліктілігін арттыру және қайта даярлау факультетінде оқитын полиция департаменттерінің ювеналды полициясы үшін «халықпен өзара іс-қимылда сервистік тәсілдерді енгізу арқылы полицияға деген сенімді арттыру» тақырыбы бойынша көшпелі сабақ ұйымдастырылды.

Сабақ барысында тыңдаушылар     «Аяла» өмірлік қиын жағдайдағы балаларды қолдау орталығының, «Үміт балалар үйі» мемлекеттік мекемесінің, сондай-ақ Ақтөбе қ. ПБ Алматы ауданының № 25 УПП полиция сервистік орталығының жұмысын ұйымдастыру ерекшеліктерімен танысып, Ішкі істер органдарының сервистік полиция қызметіне қатысты өзекті мәселелерді талқылады полиция мен қоғамның өзара іс-қимылының жаңа нысандары мен әдістерін қолданудың маңыздылығы атап өтілді.