Қазақстан Республикасы ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институты

Біліктілікті арттыру және кадрларды қайта даярлау факультетінің тыңдаушылармен көшпелі сабақ

18.04.2024

2024 жылғы 18 сәуірде Қазақстан Республикасы ІІМ Малкеджар Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институтында кадрлардың біліктілігін арттыру және қайта даярлау факультетінде оқитын жергілікті полиция қызметінің қызметкерлері үшін «Қызмет көрсетудың сервистік моделіне көшу бойынша әкімшілік және жергілікті полиция қызметінің жұмысын ұйымдастыру» тақырыбы бойынша көшпелі сабақ ұйымдастырылды.

Сабақ барысында тыңдаушылар Ақтөбе облысы ПД Ақтөбе қ. ПБ Алматы ауданы № 25 УПП полиция сервистік орталығының жұмысын ұйымдастыру ерекшеліктерімен танысты, ішкі істер органдарының сервистік полиция қызметіне қатысты өзекті мәселелерді талқылады, онда полиция мен қоғамның өзара іс-қимылының жаңа нысандары мен әдістерін қолданудың маңыздылығы атап өтілді.