Қазақстан Республикасы ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институты

Біліктілігін арттыру курсы тыңдаушыларының курсты аяқтауы

16.04.2018

2018 жылғы 2-14 сәуір аралығында Қазақстан Республикасы ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институтында оқу ұйымдарына бекітілген учаскелік полиция инспекторлары біліктілігін арттыру курсынан өтіп, аяқтады. 

         Біліктілікті арттыру курсы бекітілген оқу және тақырыптық  жоспарлары негізінде өткізілді.

2018 жылғы 4 сәуірде кәсіптік және қосымша білім факультетінің бастығы полиция полковнигі С.Б.Ғизатов Нұрсұлтан Назарбаевтың           2018 жылғы 10 қаңтарда жарияланған «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты Жолдауын түсіндірді.

Оқу процесін тәжірибеге бағыттау мақсатында Ақтөбе қаласының құқық қорғау органдарында тыңдаушыларға арналған шығу сабақтары өткізілді. Атап айтсақ, ӘҚжІІО ӘҚ кафедрасының аға оқытушысы полиция подполковнигі М.Ізбасов Ақтөбе облысы ІІД жедел басқару орталығына және АКҚБ басқармасына шығу сабақтарын ұйымдастырды.

2018 жылғы 13 сәуірде ӘҚжІІО ӘҚ кафедрасының аға оқытушысы полиция подполковнигі М.Ізбасов «О мерах по реабилитации несовершеннолетних граждан Республики Казахстан, участвующих в террористических актах за рубежом, а также проведении мероприятий по защите детского населения от деструктивного влияния внутри стран» тақырыбында дөңгелек үстел өткізді. Іс-шараға Ақтөбе облысы прокурорының аға көмекшісі А.Нұрымова, Ақтөбе қаласы ІІБ ЖПҚ аға инспекторы полиция аға лейтенанты Н.А.Жолдыбаев, «Аңсар» қоғамдық бірлестігі кеңес беру-оңалту орталығының теологі Ж.Сулейменов және біліктілігін арттыру курсының тыңдаушылары қатысты.

Сабақтан бос уақыттарында тыңдаушылар институттың жалпы кітапханасында дайындалып,  сонымен қатар, Есет батыр мемориалдық кешеніне, Т.Ахтанов атындағы драма театрына, А.Молдағұлова мұражайына, институт мұражайына барды.

Тыңдаушылар оқу курсы аяқталған соң, өткізілген тақырыптардың аясында кешенді емтихан тапсырды. Тыңдаушыларға курсты толық оқып аяқтағандығы жөнінде сертификат берілді.

  

ҚжКБФ оқытушы-әдіскері

полиция капитаны

Г.С.Инжилисова