Қазақстан Республикасы ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институты

«Бейбіт күннің Батыры – М.Н.Рахматуллаев» атты жыл сайынғы ІІО қызметкерлері арасында волейболдан турнир

10.11.2021

Өмірлерінің әр минутын қауіпке төндіріп, отан алдындағы борышын адал атқарып өткен қызметкерлер қаншама? Соның бірі – Қазақстан Республикасы ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институтының 2016 жылғы түлегі полиция лейтенанты Мейрамбек Рахматуллаев.
2016 жылдың шілде айында Алматы қаласында лаңкестік шабуыл кезінде өзгелерді қорғау үшін кеудесін оққа тосқан полиция лейтенанты Мейрамбек Нурдиллаұлы Рахматуллаевтың ерлігіне құрмет көрсету, 2021 жылғы 05 қазандағы Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің жанындағы жедел кеңестің шешімін орындау, турнирді жаңғырту, ІІО қызметкерлері арасында салауатты өмір салтын қалыптастыру, жас полицей қызметкерінің қызметіне танытқан адалдығы мен адамдардың өмірін өз өмірінен жоғары қойған жанкештілігіне құрмет көрсету, оның ерлігін өскелең ұрпаққа үлгі ете отырып, патриоттық сезімдерін ояту, полиция қызметінің оң имиджін арттыру, ІІО қызметкерлерінің ерлігін дәріптеу мақсатында 2021 жылғы 5 қарашада Түркістан облысы, Қазығұрт ауданы, Қарабастау ЖОББ мектебінде полиция лейтенанты М.Н.Рахматуллаевты еске алуға арналған Түркістан облысы Қазығұрт ауданы ПБ қызметкерлері, Түркістан облысы ПБ ардагерлері, Қазақстан Республикасы ІІМ М.Есболатов атындағы Алматы академиясының және институттың курсанттары арасында «Бейбіт күннің Батыры – М.Н.Рахматуллаев» атты жыл сайынғы ІІО қызметкерлері арасында волейболдан турнирді Қарабастау ЖОББ мектебімен институт бастығы полиция полковнигі А. Байсултановтың қолдауымен бірлесе ұйымдастырылды.
ІІО қызметкерлері арасында волейболдан жыл сайынғы турнир алдағы уақыттада өз жалғасын таппақ.