Қазақстан Республикасы ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институты

БАТЫРДЫҢ ЕСІМІ ПОЛИЦЕЙЛЕР ЕСІНДЕ

3.05.2022

Отан қорғаушылар күні мен Ұлы Жеңістің 77 жылдығы қарсаңында «Рухани жаңғыру» бағдарламасының «Туған жер» кіші баағдарламасын іске асыру шеңберінде есімі ел есінде сақталып, майдан даласында от кешкен даңқты аға буын өкілдерінің ерлігін ІІО қызметкерлеріне насихаттау және патриоттық тәрбие беруде музей жұмысының танымдық рөлін қалыптастыру мақсатында оқу ордамыздың қызметкерлері облыстық «Әлия» мұражайында болды.

           Институт офицерлері мемориалдық музейге жасаған сапар барысында Қобда өңірінен шыққан, бүгінде аты аңызға айналған жергілікті мерген қыз Әлия Молдағұлованың өмірі мен ерлік істеріне қатысты тың мәліметтер алып, таным көкжиектерін кеңейтті.