Қазақстан Республикасы ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институты

Ақын мұрасы мәңгілік жадымызда

12.04.2018

2018 жылғы 11 сәуірде Қазақтан Республикасы ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институтында 1 А курсы бастығының орынбасары полиция капитаны С.Оразғалиев мемлекеттік тіл және ақпарат бөлімшесімен бірігіп, қазақтың мұзбалақ ақыны Мұқағали Мақатаевтың өмірі мен шығармашылығына арналған “Ғажайып ақын — Мұқағали ” атты әдеби-сазды кешін ұйымдастырды.  Кештің негізгі мақсаты — ақынның өмірі мен шығармашылығын дәріптеу, курсанттарды қазақ поэзиясы арқылы рухани құндылықты құрметтеуге және әдебиетке деген сүйіспеншілікке тәрбиелеу және мемлекеттік тіл мәртебесін көтеру.            Институт қызметкерлерімен бірлесіп, Ақтөбе, Атырау, Батыс Қазақстан, Қызылорда және Маңғыстау облыстарының ҚАЖ органдары, кадр басшыларының орынбасарлары, сондай-ақ, Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Кадр жұмысы департаменті бастығының орынбасары полиция полковнигі Р.К.Құрымбаев, ҚР ІІМ ЖПБА басқармасының бастығы полиция полковнигі М.К.Жакупбеков, ЖЖ-тың аға инспекторы запастағы  полиция подполковнигі Р.Т.Тунгушпаева, ІІМ мұражайының ғылыми қызметкері запастағы полиция подполковнигі А.Н. Сатмаганбетова іс-шараға қатысты. Кеш басталмас бұрын жиынның жабылу салтанаты ұйымдастырылды, содан соң Қазақтан Республикасы ІІМ Кадр жұмысы департаменті бастығының орынбасары полиция полковнигі Р.К. Құрымбаев пен Қазақтан Республикасы ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институтының бастығы полиция полковнигі С.И. Қаракүшев іс-шараға қатысушыларға сертификаттар табыс етті.            Әдеби-музыкалық кеште курсанттар ақынның шығармашылығы туралы әңгімелеп, оның өлеңдерін оқып, әндерін орындады. Курсанттар танымал ақын Мұқағали Мақатаевтың «Аққулар ұйықтағанда» поэмасынан қойылым көрсетті.            Іс-шараның қонақтары институттың курсанттары мен қызметкерлері дайындаған ақынның шығармашылығына арналған әдеби кешті жоғары бағалады.            Ақынның мұрасы мәңгілік жадымызда.

 

1  курс бастығы

полиция  подполковнигі

М.М.Ешманов