Қазақстан Республикасы ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институты

Ақтөбе қаласының ЖОО студенттері арасында өткен үстел теннисінен жарыс

20.03.2018

2018 жылғы 10 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаевтың «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты Қазақстан халқына Жолдауын, «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасын жетілдіру мақсатында,  сондай-ақ, Астананың 20 жылдығына орай Қазақстан Республикасы ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институтында 19-20 наурыз күндері Ақтөбе қаласының ЖОО студентері арасында үстел теннистен жарыс өткізілді.

Сайысты институт бастығы полиция полковнигі Қаракүшев Сәлімгерейұлы кіріспе сөзімен ашып, қатысушыларды құттықтап,  жеңіс тіледі. Сонымен қатар ҚБ ФСБ «Динамо» Ақтөбе бөлімі төрағасының 1-ші орынбасары Зауреш Танжарбай Истляупта сөз алып, сайыскерлерге сәтлік тіледі.

Жарыста 5  команда қатысты. Команда құрамы 3 адам (2 ер, 1 әйел).

Жарыс қорытындысы бойынша женімпаздар мынадай тізімде анықталды: командалық  көрсеткіштері бойынша жүлделі бірінші орынды ҚР ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институтының командасы, екінші орынды С.Байішев атындағы Ақтөбе университетінің командасы, үшінші орынды Қазақ-Орыс халықаралық университеті командасы иеленді. Жеке көрсеткіштері бойынша ерлер арасында:  бірінші орынға С.Байішев атындағы Ақтөбе университетінің студенті А.Жеңіс, екінші орынға ҚР ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институтының курсанты Р.Байжан, үшінші орынға ҚР ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институтының курсанты Е.Мейірханұлы ие болды. Қыздар арасында: бірінші орынға ҚР ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институтының курсанты Ү.Жақсылықова, екінші орынға ҚР ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институтының курсанты А.Әжібаева, үшінші орынға С.Байішев атындағы Ақтөбе университетінің студенті А.Айғалқа ие болды.

Жарыс қатысушылары сайысты ұйымдастырып өткізгені үшін әскери және дене шынықтыру даярлығы кафедрасының ұжымына өз алғыстарын білдірді.

Жарыс жеңімпаздарына салтанатты түрде грамоталар, медальдар, бағалы сыйлықтар беріледі.   

 

Қазақстан Республикасы ІІМ М.Бөкенбаев атындағы

Ақтөбе заң институтының

ӘжДШД кафедрасының доценті

полиция полковнигі

Қ.Д.Үмбетбаев