Қазақстан Республикасы ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институты

«Арнайы даярлық» пәні бойынша ашық тәжірибелік сабақ

27.04.2018

2018 жылғы 26 сәуірде жалпы білім беру пәндері кафедрасы апталығының аясында кафедра бастығы полиция полковнигі Ә.Ф.Саттарова біліктілігін арттыру курсының  тыңдаушылары Республика облыстарының ІІД-нің  әйелдерді зорлық-зомбылықтан қорғау жөніндегі бөлімшелерінің қызметкерлеріне арнайы дайындық пәнінен «Сущность религиозного экстремизма и терроризма. Подготовка сотрудников ОВД к психологическому противостоянию в борьбе с терроризмом и религиозным экстремизмом» тақырыбында ашық тәжірибелік сабақ өткізді.

Сабақта келесі сұрақтар қарастырылды:

  1. Профайлингтің психотехникалық тұжырымдамасы.
  2. Лаңкестікті және экстремизмді алдын алуда ІІО қызметкерлерінің қызметіндегі профайлингтің мазмұны.
  3. ІІО қызмекерлерін жұмысқа бейімдеудегі психологиялық дайындық бағыттары.

Сабақ тақырыбының өзектілігіне назар аударып, оқытушы профайлинг психотехнологиясының тарихы мен пайдалану мүмкіндіктері туралы және қоғам өмірінің түрлі салаларында лаңкестік пен экстремизмді алдын алуда ІІО қызметкерлерінің қызметіндегі оны пайдалануы туралы айтып кетті. Тыңдаушылар оқытушымен бірігіп профайлингтің үш маңызды сұрағына жауап берді: Қайда бақылау керек? Қашан бақылау керек? Нені бақылау керек?

Кәсіби жағынан маңызды психологиялық қасиеттерді есте сақтауды, мұқият баулуды дамыту мақсатында тыңдаушыларға келесі тапсырмалар ұсынылды: мінезді анықтау, мимика мен ым бойынша адамның эмоционалдық жай-күйі, мен ниеттерін анықтау, көру жадын дамытуға арналған тапсырмалар /маскалау жағдайында бетті тану/, есту жадыны дамытуға арналған, тапсырмалар. Сонымен қатар, түрлі көлемдегі мәліметтерді есте сақтау бойынша ұсыныстар берілді.

Тыңдаушыларға профайлингтің психотехнологиясын қолданудың арнайы қабілеттері мен дағдыларын дамытуға арналған арнайы әдебиеттер тізімі ұсынылды.

Осылайша оқытушы қойылған оқу, даму және тәрбие мақсатына жетті.

Институттың оқу-әдістемелік орталығының аға инспекторы полиция майоры А.Сағинтаеваның төрағалығымен, сабақ соңында сабаққа қатысқан оқытушылар арасында сабақты талқылау ұйымдастырылды. Жалпы оқытушылар сабақ жоғары әдістемелік деңгейде өтті деп бағалады.