Қазақстан Республикасы ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институты

Арнайы бастапқы оқыту курсы тыңдаушыларының курсты аяқтауы

21.03.2018

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2018 жылғы 09 қаңтардағы № 14  «Арнайы бастапқы оқыту, қайта даярлау және біліктілігін арттыру курстарының 2018 жылға арналған жоспар-кестелерін бекіту туралы» бұйрығына сәйкес, 2018 жылғы 22 қаңтар мен 20 наурыз аралығында  Қазақстан Республикасы ІІМ М. Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институтына  ІІО орта басшы құрам лауазымына үміткер 63 тыңдаушы қабылданды және аяқтады. 

  Қазақстан Республикасы ІІМ  2016 жылғы 27 желтоқсандағы «Арнайы бастапқы оқыту курстарының үлгілік оқу жоспарларын бекіту туралы» бұйрығына сай оқу жоспары бойынша 10 негізгі пән және 3 факультатив пәндері оқытылды.  

Оқу сабақтарын тәжірибемен ұштастыру мақсатында келесі шығу сабақтары өткізілді, олар:  2018 жылғы 27 ақпанда «Криминалистика негіздері» пәнінен ҚР ӘМ Ақтөбе облыстық сот-сараптау орталығына, 05 наурызда «Арнайы техника» пәнінен Ақтөбе облысы ІІД жедел басқару орталығына, 09 наурызда «Кәсіби даярлық» пәнінен учаскелік полиция пунктіне барды. Сабақ барысында оларға ақпараттық-іздеу құралдарының жаңа техникалық жетістіктері мен қызметтік  мүмкіндіктері  туралы  кең  мағлұмат берілді.

2018 жылғы 06 наурызда атыс даярлығы пәнінің тақырыптық жоспарына сәйкес, қатардағы және кіші оқыту курсының тыңдаушыларымен 9 мм Макаров тапаншасынан №1 орындауға оқу-жаттығу және Калашников автоматынан әскери бөлімінің атыс алаңында тәжірибелік атыс өткізілді, қауіпсіздік шараларын  қамтамасыз  ету үшін Қазақстан Республикасы ІІМ бұйрығы және нұсқаулыққа сәйкес талаптары  түсіндірілді және алдын ала сынақ қабылданып, институт психологі тыңдаушылармен тесттік тексеріс жүргізді.

      Арнайы бастапқы оқыту курсы  тыңдаушыларына рухани тәрбие беру мақсатында  взвод кураторлары оларды Т.Ахтанов атындағы облыстық драма театрына  «Локоматив» театрына және Кеңес Одағының батыры Ә. Молдағұлова атындағы облыстық мұражайға, батырлар аллеясына апарды.

 Алғашқы оқу орнының факултетімен бірге психолог Ислямгалеева М. арнайы оқу орнына ауысып, келген тыңдаушымен сауалнама жүргізді және де оның жүріс тұрысы, мінез құлқын, тәртіпке бағынуы туралы әңгіме жүргізді.

         Курс соңында  тыңдаушыға арнайы бастапқы оқыту курсын оқып аяқтағандығы жөнінде сертификат беріліп, оқу барысында үлгілі нәтижелер көрсеткен, инстиуттың қоғамдық өміріне атсалыса  қатысқан тыңдаушылар институт бастығының атынан алғыс хаттармен марапатталды.

КжҚББ факультетінің оқытушы-әдіскері

полиция капитаны

Г.С.Инжилисова