Қазақстан Республикасы ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институты

Арнайы бастапқы оқыту курсының тыңдаушыларымен тәжірибелік қызметкердің кездесуі

27.01.2018

2018 жылғы 26 қаңтарда оқу бағдарламасын тәжірибемен ұштастыру мақсатында арнайы бастапқы оқыту курсының тыңдаушыларына (жергілікті полиция қызметі желісі бойынша) сабақтан тыс уақытта біздің институттың түлегі  Ақтөбе қаласы Зауыт ПБ-нің  кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі инспекторы полиция аға лейтенанты  Айгерім Ерланова тәжірибелік сабақ өткізді.

Аталған сабақта А.Ерланова  атқарып отырған қызметіндегі сай өзінің тәжірибелік біліктілігімен бөлісті. Сондай-ақ, кездесуде осы саланы реттейтін заңдар, бұйрықтар, өзге де нормативтік-құқықтық актілер туралы мәлімет беріп, Қазақстан Республикасының ҚК, ҚПК, ӘҚтК баптарына тоқталып, олардың қайсысы «жұмыс жасайтыны» қайсысы «жұмыс жасамайтыны» туралы түсіндіріп, әрі қарай жергілікті полиция қызметін жетілдіру жұмыстары жөнінде өз пікірін ортаға салды.

 

КжҚБФ аға оқытушы-әдіскері

полиция майоры

А.А.Сагынтаева