Қазақстан Республикасы ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институты

Алғыс айту – адамның жақсылығы үшін білдіретін ризашылық сезім

1.03.2024

Бүгін 1 наурыз – көктемнің алғашқы күні қазақстандықтар тоғызыншы рет Алғыс айту күнін атап өтуде. Алғыс айту күні қазақ елінің қиын кезеңдерде миллиондап қоныс аударған өзге ұлт өкілдерін бауырына басқан қонақжайлығын, дархандығын айқындай түседі.

Алғыс айту күнінің негізгі мақсаты – күллі адамзатқа достық, толеранттық танытып, құрметпен қарауға тәрбиелеу, сонымен қатар ұлтаралық және этносаралық қатынастарды нығайту.

Осы орайда, ҚР ІІМ Малкеджар Бөкенбаев атындағы  Ақтөбе заң институтының АКДК  тыңдаушылары институттың офицерлік құрамын, ақ халатты абзал жандарды және аспазшыларды мерекемен құттықтап, ілтипат көрсетті.