Қазақстан Республикасы ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институты

Алғашқы кәсіби даярлық тыңдаушыларын шығару

28.11.2021

Бүгін, институт тағы да алғашқы кәсіби даярлық тыңдаушыларын шығарды.
Еліміздің түрлі өңірлерінен келген жастар 3 ай бойы қажетті теориялық және практикалық дайындықтан өтті.
Институт бастығы полиция полковнигі А.Б.Байсұлтанов, түлектер ішкі істер органдарында қызметін жалғастыра отырып, өздерінің қызметтік міндеттерін абыроймен атқарып, халықтың сеніміне ие болатынына сенім білдірді.
Салтанатты шара барысында жоғары жауапкершілік, тәртіптілік және оқуға деген адал ниеттілік танытқан тыңдаушылар мақтау қағаздармен және алғыс хаттармен марапатталды.