Қазақстан Республикасы ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институты

АДАЛ ҰРПАҚ – СЕНІМДІ БОЛАШАҚ КЕПІЛІ

10.06.2022

Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатының 2022-2026  жылдарға арналған тұжырымдамасын талдау, түсіндіру мақсатында

 “Ақтөбе-адалдық алаңы” жобалық кеңсе басшысы Қуанышбек Серікжанұлы Серікжановтың алғашқы кәсіби даярлық курсының тыңдаушылармен кездесу өтті.

Кездесу барысында Қ.Серікжанов мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың  2022 жылғы 2 ақпандағы жарлығымен ҚР 2022-2026 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатының тұжырымдамасында  бекітілген негізгі бағыттарын тыңдаушыларға түсіндірді.

Жастарға бүгінгі қоғамның өзекті де күрделі мәселелерінің бірі – сыбайлас жемқорлықтың алдын алу, жауапкершілігін күшейтуді әр адам өзінен бастау қажет екендігі жөнінде жеткізді.