Қазақстан Республикасы ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институты

Ақтөбе облысы ПД Жедел басқару орталығына көшпелі сабақ өткізу туралы ақпарат

2.02.2024

2024 жылғы 2 ақпанда Қазақстан Республикасы ІІМ М. Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институтының ІІО әкімшілік қызмет кафедрасының доценті полиция подполковнигі В.В. Хасанова және кафедра оқытушысы полиция капитаны Л.Е. Амантаева теориялық білімді бекітуге және тереңдетуге ықпал ететін практикалық оқытудың рөлін күшейту мақсатында алғашқы кәсіптік оқыту курсының 7 және 8 взвод тыңдаушыларына «Кәсіптік даярлық» пәні бойынша Ақтөбе облысы ПД Жедел басқару орталығына көшпелі практикалық сабағын өткізді.

Сабақ барысында тыңдаушылар Жедел басқару орталықтарының қызметін ұйымдастыру ережелерімен, жедел жағдайдың күрделенуі және дағдарыс жағдайлары кезіндегі жедел кезекшінің іс – қимыл тәртібімен және ақпараттық-анықтамалық жұмысты қамтамасыз етумен танысты.