Қазақстан Республикасы ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институты

Арнайы-тактикалық даярлық кафедрасы

22.12.2022

Қазақстан Республикасы ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институтының арнайы-тактикалық даярлық кафедрасы институт құрылымының ұйымдық-штаттық өзгеруіне сәйкес, «Әскери және дене шынықтыру даярлығы» кафедраларының бөлінуі негізінде құрылды. Кафедраны практикалық және педагогикалық тәжірибесі мол полиция подполковнигі А.А. Мергалиевтың жетекшілігімен құрылуы кафедраның қалыптасуы мен дамуына қолайлы жағдай жасады. 

Арнайы-тактикалық даярлық кафедрасы әскери пәндер бағытындағы келесі пәндерді оқытады: «Арнайы-тактикалық даярлық», «Атыс даярлығы», «Сап даярлығы».          

Кафедраның негізгі ерекшеліктерінің бірі оқу процесінің тәжірибеге бағдарлануы, ІІО органдарының Арнайы және мобилизациялық басқармасы, жылдам қимылдайтын арнайы бөлініс (ЖҚАБ), (ОЖР) жасақтарының тәжірибелік қызметтерімен тығыз өзара байланысы болып табылады, өйткені теория мен тәжірибенің өзара тығыз байланысы қылмысқа қарсы белсенді іс-қимылдың көптеген өзекті мәселелерінің жемісті әзірленуінде көрініс табады.    

Кафедраның басым міндеттері тәжірибелі органдармен екі жақты байланысты қоса алғанда, оқу процесін техникалық жабдықтауды одан әрі жетілдіру; оқытушылардың педагогикалық шеберлігі мен ғылыми біліктілігін арттыру, жоғары білікті мамандарды даярлау болып табылады.          

Бүгінгі таңда кафедрада 7 жоғары білікті қызметкерлер жұмыс істейді: Атап айтсақ: кафедра бастығы – заң ғылымдарының магистрі, полиция подполковнигі А.А. Мергалиев, кафедраның доценті – заң ғылымдарының магистрі, полиция подполковнигі Е.Е.Туребеков, кафедраның аға оқытушысы – ұлттық қауіпсіздік және әскери іс магистрі, полиция  подполковнигі А.А. Кушкимбаев, кафедраның аға оқытушысы полиция майоры Б.К.Ибраймов, кафедраның  оқытушысы – ұлттық қауіпсіздік және әскери іс магистрі, полиция майоры А.Т. Алимжанов, кафедраның оқытушысы полиция майоры  Е.К.Балмуханов және кабинет бастығы – полиция лейтенанты  Ә.Б.Аманкелді.

Мамандарды даярлау сапасын жақсарту міндетін табысты шешу кафедра ұжымына оқытудың дәстүрлі түрлерін үнемі жетілдіру, оқытудың жаңа нысандары мен әдістерін іздеу мәселесін қояды. Кафедра оқу сабақтарын өткізу барысында ойын элементтері бар тәжірибелік сабақтар сияқты оқыту формаларын белсенді қолданады. Сабақтарды өткізу кезінде оқытудың техникалық құралдары белсенді қолданылады. Тәжірибелік оқу сабақтары оқу-әдістемелік кабинеттерде, Ақтөбе қаласының №6655 әскери бөліміне қарасты атыс полигонында, институттың атыс тирінде, саптық алаңында және т.б. орындарда өткізіледі.

Патриоттық тәрбиені жандандыру мақсатында, кафедраның профессорлық-оқытушылық құрамы тұрақты және ауыспалы құрам арасында Макаров тапаншасымен Калашников автоматынан атудан, жартылай бөлшектеумен жинаудан, патриоттық әндерді орындаудан жарыстарды ұйымдастырып, өткізіп тұрады.          

Кафедраның профессорлық-оқытушылық құрамымен кадрларды кәсіби даярлау, біліктілігін арттыру және қайта даярлау факультеттерінде сабақтар өткізіледі.  

Жыл сайын кафедра қызметкерлері республикалық және халықаралық конференцияларға біздің профессорлық-оқытушылық құрам арнайы-тактикалық және әскери даярлығы бойынша оқу құралдарының авторлары болып табылады.          

Кафедра ұжымы республиканың көптеген жоғары заң оқу орындарымен тығыз шығармашылық байланыста, үнемі ақпарат алмасады, бірлескен басылымдарға қатысады. Кафедрада арнайы-тактикалық және әскери даярлығы саласында зерттеулер жүргізіледі.          

Кафедраның аға оқытушысы  полиция майоры Б.К. Ибраймовтың басқаратын курсанттардың ғылыми-зерттеу жұмысы (КҒЗЖ) жоғары білім беру ұйымының маңызды құрамдас бөліктерінің бірі және білім беру процесін оңтайландырудың, құқық қолдану практикасында алған білімдерін шығармашылықпен пайдалануға қабілетті жоғары білікті заңгерлерді даярлау сапасын арттырудың тиімді құралы болып табылады. Курсанттардың ғылыми-зерттеу қызметінің дағдыларын дамыту заңгер мамандығының беделін қалыптастыруға ықпал етеді және олардың шығармашылық әлеуетін заңның өзекті мәселелерін шешу үшін пайдалануға мүмкіндік береді. Кафедра КҒЗЖ-ның әртүрлі формаларын пайдаланады, олардың ішінде: теориялық және қолданбалы зерттеулер жүргізілетін пәндік үйірмелер, викториналар, диспуттар, ғылыми-зерттеу зертханалары. Бүгінгі күнге дейін кафедра ғылыми дәстүрлерді сақтайды және көбейтеді, ұжымның педагогикалық тәжірибесі заманауи жабдықтарымен және оқытудың жаңа әдістемелерімен нығайтылған.          

 Кафедраның профессорлық-оқытушылық құрамы кафедрада оқытылатын пәндер бойынша оқу процесін ұйымдастыру және жүзеге асыру үшін жеткілікті ғылыми-педагогикалық және практикалық тәжірибеге ие. Кафедра қызметкерлері оқу және тәрбие процестерінің бірлігіне қол жеткізуге, білім алушылардың жоғары моральдық-адамгершілік қасиеттерін қалыптастыруға және олардың құқықтық мәдениетін дамытуға ұмтылады.