- Институт
- Оқу-әдістемелік
қызмет - Ғылым
- Кадр және тәрбие
жұмысы - Білім порталы
- Обучающиеся
2026 жылғы 19 маусымда институт кітапханасының оқу залында 23 маусым Қазақстан полиция күніне орай «Қорғаны мықты ел тыныш» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды. Кітапхана қызметкері 2 курс курсанттарына көрмеге библиографиялық шолу жүргізді. Көрмеге М.Бөкенбаевтың өмірі мен ерлігі жайлы «Алыстағы соғыстың жаңғырығы» атты естелік кітабы, және М.Маңғұбаевтың «Киелі түбек сақшылары» кітабы, С.К.Шалданбаевтың …
«Заңгер-психолог» ғылыми үйірмесінің жоспарына сәйкес курсанттар арасында «Тұрмыстық зорлық-зомбылықтың куәсі болған балаларға психологиялық қолдау» тақырыбында дөңгелек үстел ұйымдастырылды. Іс-шараның мақсаты – тұрмыстық зорлық-зомбылықтың куәсі болған балалардың психологиялық жай-күйіне назар аудару, олардың эмоционалдық жағдайындағы өзгерістерді түсіндіру, психологиялық қолдау көрсету жолдарын талқылау және болашақ құқық қорғау органдары қызметкерлерінің аталған мәселеге қатысты кәсіби …
М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институтында 2-курс курсанттарына оқу бағдарламасы жоспарына сәйкес оқу практикасынан өтуіне байланысты ұйымдастыру-әдістемелік нұсқаулық өткізілді. Курсанттардың оқу практикасынан өтуіне байланысты ұйымдастыру-әдістемелік нұсқаулықты кәсіби даярлық факультетінің бастығы полиция полковнигі Д.Амангелдиев жүргізді. Іс-шара барысында курсанттарға оқу практикасының мақсаты мен міндеттері, оны өткізу тәртібі, қауіпсіздік талаптары, қызметтік тәртіпті сақтау қағидалары …
2026 жылғы 12 маусымда ғылыми-зерттеу тақырыбын іске асыру аясында кәсіби-психологиялық даярлық кафедрасы «Тұрмыстық зорлық-зомбылықтың куәгері болған балаларды қорғау және психологиялық қолдау тетіктері» тақырыбында дөңгелек үстел өткізді. Іс-шараға практик-психологтар, денсаулық сақтау ұйымдарының, білім беру мекемелерінің және қоғамдық ұйымдардың өкілдері, сондай-ақ қайта даярлау курстарында оқып жүрген кәмелетке толмағандар ісі жөніндегі инспекторлар қатысты. …
|
|