Қазақстан Республикасы ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институты

Ғылыми кеңес

Ғылыми кеңес өз қызметін жоғары алқалы орган ретінде 2010 жылдан, оқу орны институт болып қайта құрылған кезеңнен бастады. Ғылыми кеңестің жұмысы Қазақстан Республикасы ІІМ және ҒЖБМ нормативтік құжаттарына сәйкес жүзеге асырылады. Ғылыми кеңестің негізгі міндеті ЖОО қызметін үйлестіру, алқалық басқару және нормативтік қамтамасыз ету болып табылады. 

2023 жылдың мамыр айынан бастап ғылыми кеңеске институт бастығы, заң ғылымдарының кандидаты, полиция полковнигі Нұркен Жанболатұлы Мұхаметқалиев төрағалық етеді. 

Ғылыми кеңестің құрамына институттың ғылыми және академиялық дәрежесі бар профессорлар, доценттер, кафедра оқытушылары, сондай-ақ ауыспалы құрамның өкілдері-мінсіз қызметтік-әскери тәртібі бар және ғылыми-зерттеу жұмысын жүзеге асыратын кәсіби даярлық факультетінің тыңдаушылары кіреді. 

Ғылыми кеңестің шешімдері Ғылыми Кеңес туралы ережеде айқындалған құзыретке сәйкес оқу-тәрбие, ғылыми-зерттеу, қаржы-шаруашылық қызметін ұйымдастыру, материалдық-техникалық қамтамасыз ету және институтты дамыту жөніндегі барлық негізгі мәселелер бойынша ұжымдық талқылау арқылы қабылданады. 

Ғылыми кеңестің жұмысын ұйымдастыруды, құжаттамалық қамтамасыз етуді және шешімдерінің орындалуын бақылауды Ғылыми кеңестің ғылыми хатшысы жүзеге асырады.

29.07.2024 ж.

50500 – «Құқық» ғылыми бағыты бойынша ғылыми атағын ізденуші полиция полковнигі Нелли Талаповна Саханованың ғылыми еңбектер тізімі

50500 – «Құқық» ғылыми бағыты бойынша ғылыми атағын ізденуші полиция полковнигі Нелли Талаповна Саханова туралы анықтама

24.05.2024 ж.

ҚР ІІМ М.Бөкенбаев атындағы АЗИ Ғылыми-зерттеу орталығының бастығы А.Сахарбайдың ғылыми еңбектерінің тізімі.

50500 – “Құқық” ғылыми бағыты бойынша қауымдастырылған профессор (доцент) ғылыми атағын алу үшін ізденуші туралы анықтама

10.03.2024 ж.

Список научных трудов заместителя начальника Актюбинского юридического института МВД Республики Казахстан имени М.Букенбаева, доктора философии (PhD), подполковника полиции Балымова Ерлана Куанышевича.

Справка о соискателе ученого звания “ассоциированный профессор (доцент)” по специальности «Правоведение» – 12.00.00 – Балымов Ерлан Куанышевич.

18.03.2024 ж.

Қазақстан Республикасы ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институты жалпы заң пәндері кафедрасының бастығы, заң ғылымдарының кандидаты Ибраева Айгул Касымбековнаның ғылыми еңбектерініңТІЗІМІ

50500 – «Құқық» ғылыми бағыты бойынша қауымдастырылған профессор (доцент) ғылыми  атағын алу үшін ізденуші туралы анықтама