18.10.2024
2024 жылғы 18 қазанда Қазақстан Республикасы ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институты жалпы заң пәндері кафедрасының ұйымдастыруымен «Жаңа Қазақстан құру жағдайында адам және азаматтың конституциялық құқықтары мен бостандықтарын қамтамасыз етудегі ішкі істер органдарының рөлі» атты Республикалық ғылыми-тәжірибелік конференциясы болып өтті.
Конференция өткізудегі басты мақсат – Әділетті Қазақстан құру жағдайында адам мен азаматтың конституциялық құқықтары мен бостандықтарын қамтамасыз етудегі ісшкі істер органдарының рөлі; ІІО қызметкерлерінің кәсіби тұлғалық болмыын жетілдіруде Адал азамат идеясының маңыздылығы; Қазақстандық патриотизмді қалыптастыру; ІІО қызметінде жүргізіліп жатқан кадр саясатының маңыздылығы; полицияқызметкерлерінің конституциялық құқықтық санасын және құқықтық мәдениетін дамытудың басым бағыттарын жетілдіру.
Конференцияны модератор ретінде жалпы заң пәндері кафедрасының бастығы, з.ғ.к., қауымдастырылған профессор, полиция полковнигі А.К.Ибраева жүргізді.
Конференцияға: Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ мемлекет және құқық теориясы, конституциялық және әкімшілік құқық кафедрасының профессоры, з.ғ.д., профессор А.С.Ибраева; Қазақстан Республикасы Бас Прокуратурасының жанындағы Құқық қорғау органдары академиясының Жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру институтының директоры, з.ғ.к., профессор, аға әділет кеңесшісі С.М.Сапаралиева; Ақтөбе облысының Ақсақалдар кеңесінің мүшесі, Қазақстан Білім беру ісінің үздігі, Қазақстан Журналисттер одағының мүшесі, АбайтанушыҚ.П.Қонтай; Ақтөбе облыстық Жастар Ресурстық Орталығының басшысыС.Ж.Артыгалин; Тарбағатай заң кеңесшілер палатасының мүшелері, Республикалық телеарналардың тұрақты сарапшылары, кәсіби заңгерлер Бағдат Амандосұлы, Бердімұрат Хасенұлы, Н.Қ.Ибраев; Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы мемлекеттік басқару академиясының Ақтөбе және Маңғыстау облысы бойынша медиа-тренері, тележурналист С.К.Оңғар, сондай-ақ Қазақстандағы жетекші оқу орындарының профессорлық-оқытушылар құрамы, ІІМ жүйесіндегі ведомсволық оқу орындарының оқытушылары, ІІМ-нің құрметті ардагерлері, докторанттар, магистранттар, курсанттар қатысты.
Конференцияға қатысушылар тақырыптың өзектілігін айта келе, ойларын ортаға салды.