Қазақстан Республикасы ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институты

АШЫҚ ЕСІК КҮНІ

6.10.2023

Жастардың құқықтық сауаттылығын арттыру және құқықтық тәртіп мәдениетін қалыптастыру, азаматтық қасиеттерге баулу, сонымен қатар кәсіптік бағдар беру мақсатында 6 қазан күні Институтта Қ.Жубанов атындағы ААУ студенттеріне Ашық есік күні ұйымдастырылды.

Шара студенттерге Институт тарихының таныстыруымен басталды. Экскурсия барысында студенттерге тыңдаушылардың жатын орны, саптық алаңы, кримполигонды, институт мұражайы, медицина бөлімін, кітапхана, акт, спорт залдары көрсетіліп, сабақ кестесіне сай: атыс дайындығы, криминалистика, күрестің жауынгерлік тәсілдері сабақтарына қатыстырды.

Заманауи атыс, криминалистика құралдарымен, күрестің әдіс-тәсілдерімен танысып, білім мен білікті, спорттық дағдыларды қатар талап ететін мамандыққа студенттер үлкен қызығушылық танытты.