Қазақстан Республикасы ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институты

ЧЕМПИОНМЕН КЕЗДЕСУ

11.12.2023

11 желтоқсанда Қазақстан Республикасы ІІМ М. Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институтында кураторлық сағат аясында салауатты өмір салтын насихаттау мақсатында тыңдаушыларымен кездесу өтті.

Іс-шараға қонақ ретінде екі дүркін әлем чемпионы, жеті дүркін Қазақстан чемпионы, екі дүркін Азия чемпионы «Аударыспақ» ұлттық спорт түрінен айтарлықтай нәтижелерге қол жеткізген Ержанов Шыңғысхан Амангелдіұлы шақырылды.

Спортшы әңгіме жүргізіп, спорттағы, қиындықтар және табысқа жету жолы туралы, тәжірибесімен бөлісуі арқылы салауатты өмір салтын және ұлттық спорт түрлерін дамытуды насихаттады.