Қазақстан Республикасы ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институты

Кәсіби бағдар беру жұмысы шеңберінде

12.05.2018

2018 жылғы 11 мамырда ғылыми-зерттеу және редакциялық-баспагерлік жұмысын ұйымдастыру бөлімінің қызметкерлері М.Құсайынов атындағы Ақтөбе облыстық дарынды балаларға арналған мамандандырылған мектеп-интернатына барды.

            ҒЗжРБЖҰ бөлімінің бастығы полиция подполковнигі А.К. Каримбаева Қазақстан Республикасы ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институтының басшылығы және барлық жеке құрамы атынан мектеп-интернатының директоры Тәжіғалиева Гүлнар Төлепбергенқызына мектеп-интернаты оқушыларының — домбырашылар оркестрі мен 10 класс оқушысы Нұрланова Әсемнің 2018 жылғы 4 мамырда ұйымдастырылған Отан қорғаушылар күні мен Жеңіс күніне арналған салтанатты іс-шараға қатысып, өнер көрсеткені үшін алғысхат тапсырды және зор денсаулық, бақыт тілей отырып, қызметте және оқуда  шығармашылық табыс пен жетістіктерге жете берулеріне тілектестік білдірді.

         Табыстау кезеңінде білім ошағының акт залында 7,8,9,10 класс оқушылары үшін кәсіби бағдар беру жұмысы жүргізіліп,  курсанттар түсірген «Курсанттық өмірден бір күн» және «Maniquen challenge» бейнефильмдері көрсетілді. Фильмдер қатысушылар үшін оң әсер қалдырды.

 

ҒЗжРБЖҰ бөлімінің бастығы

полиция подполковнигі

А.К. Каримбаева