22.12.2022
Қазақстан Республикасы ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институтының дене шынықтыру даярлығы кафедрасы институт құрылымындағы өзгерістерге сәйкес құрылды. Жаңадан құрылған кафедраны басқару полиция майоры Д.А.Дүйсембаеваға тапсырылды.
Дене шынықтыру даярлығы кафедрасы «Күрестің жауынгерлік тәсілдері» және «Дене шынықтыру» пәндерін циклін оқытуды қамтамасыз етеді. Кафедраның негізгі ерекшеліктерінің бір-практикалық оқу процесін бағдарлау.
Кафедраның басым міндеттері болашақ ІІО қызметкерлердің дене дайындығын одан әрі жетілдіру, оқытушылардың педагогикалық шеберлігі мен ғылыми біліктілігін арттыру, қажет болған жағдайда өз білімін қолдана отырып, кез келген төтенше жағдайда дайын жоғары білікті мамандарды дайындау, халықты қорғауға арналған дағдыларды үйрету болып табылады.
Кафедраның барлық қызметкерлері үлкен еңбек өтілімен қатар оқытушылық қызмет пен жоғары ғылыми әлеуетке, әртүрлі спорт түрлері бойынша спорттық жетістіктер мен разрядтарға ие.
Бүгінгі таңда кафедрада жоғары білікті қызметкерлер жұмыс істейді:
Кафедра бастығы әмбебап ұрыстап ҚР халықаралық спорт шебері, ҚР дзюдодан спорт мастері, заң ғылымдарының магистрі полиция майор Д.А.Дүйсембаева; кафедра доценті қазақ күрестен спорт шебері, самбодан спорт шеберіне кандидат, педаогика ғылымдарының магистрі полиция капитаны А.Қ.Қосмұратов; кафедраның аға оқытушысы пауэрлифтингтен ҚР спорт шебері, самбодан ҚР спорт шеберіне кандидат полиция капитаны Ж.Қ.Қаирбаев; кафедраның аға оқытушысы әмбебап жекпе жектен ҚР порт шеберіне үміткер полиция капитаны Н.А.Таласпаев; кафедра оқытушысы дзюдо және самбо күресінен ҚР халықаралық дәрежедегі спорт шебері, педагогика ғылымдарының магистрі полиция майоры А.С.Ибраева; кафедра оқытушысы бокстан КСРО спорт шебері, қоян қолтық ұрысынан халықаралық дәрежедегі төреші, полиция подполковник Ғ.Ж.Ақшолақов.
Практикалық сабақтар спорт және күрес залында өткізіледі, ал сондай ақ институттың спорт қалашығында. Кафедраның профессорлық оқытушылық құрамы кәсіби дайындық факультетінде сабақтар өткізеді.
Жыл сайын кафдра қызметкерлері атақты спортшылар, олимпиады спортшылары, құқық қорғау органдарының өкілдері мен зейнеткерлері шақырылатын жарыстар мен семинар әнгімелер ұйымдастырады. Сондай ақ біздің оқытушылар әскери және дене шынықтыру бойынша оқк құралдарының авторлары болып табылады.
Кафедраның профессорлық оқытушылық құрамы кафедра оқытатын пәндер бойынша оқу процесін ұйымдастыру және жүзеге асыру үшін жеткелікті ғылыми педагогикалық және практикалық тәжірбиеге ие.