Қазақстан Республикасы ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институты

V–ХІІІ ғасырлардағы Баласағұн қаласы. І том.

21.11.2023

Белгілі археолог-ғалым, профессор У.Х. Шәлекеновтің үш томдық ғылыми еңбектерінің бірінші томына «V–ХІІІ ғасырлардағы Баласағұн қаласы» атты зерттеу еңбегі еніп отыр.Кiтапта кешенді деректердің, соның ішінде жаңадан қол жеткен құнды археологиялық жәдігерлердің негізінде ертедегі ортағасырлық тарихи қала – Баласағұнның орналасқан жері нақтыланған, оның саяси, экономикалық және рухани мәдениеттің ірі орталығы болғаны баяндалған.