Жүктеу үшін ақпарат
Құжаттарды жинау алгоритмі
- Өмірбаян және жеке парақ файлын көшіріңіз.
- Парақтың екі жағына теріп басылып, екі жағыда шығарылсын. Нәтижесінде, екі толық басылған бет шығарылады (жеке парақ) және бір бет (өмірбаян)
- Жеке парақты (кадр есебі жөніндегі) және өмірбаянды көк түсті қаламмен толтыру керек. Өмірбаян компьютермен теріліп жеке парақта шығарылады. Барлық талаптар міндетті түрде толтырылуы тиіс.
- Кейін барлық құжаттар тізімге сай жинақталады. Барлық көрсетілген құжаттардың жинақталуы міндетті.
- Барлық құжаттар жиналған соң, тексеру үшін кадр жұмысы бөліміне хабарласу қажет.
- Кадр жұмысы бөлімі мақұлдағаннан кейін, біздің мекенжайға тапсырыс хатпен жолдайды.
- Біздің мекенжайда барлық құжаттар қабылданғаннан соң, кадр жұмысы бөлімі ӘДОК-қа (әскери дәрігерлік округтік комиссиясынан) өтуге жолдама береді.
- Содан кейін медициналық комиссиядан өту қажет. Комиссия қорытындысы облыстық ІІД-нен біздің мекенжайға жолданады.
- Содан соң сайтта үміткерлер тізімі жарияланады және оларға тиісті нормативтерді тапсыру қажеттілігі мен келу уақыты көрсетіледі.
Жеке істі рәсімдеуге қажетті құжаттар:
(бұл құжаттар нотариуспен расталады)
Үміткерге қажетті нотариуспен расталған келесі құжаттар:
- Жеке куәлік, туу туралы куәлік (тегі ауысқан жағдайда, Т.А.Ә. ауыстырғаны туралы куәлік)
- Әскери тіркеу куәлігі (онда – «саптық қызметке жарамды» белгісінің балуы міндетті ) немесе әскери билеті.
- Аттестат немесе баға көрсеткіштері бар диплом.
(бұл құжаттар нотариуспен расталмайды)
- Үміткердің мекенжай анықтамасы. (ХҚКО)
- Жақын туыстарының құжат көшірмелері:
- жеке куәлік, 16 жасқа толмаған тұлғаның туу туралы куәлігі,
- барлық туыстарының некеге тұру куәліктері, туыстарының қайтыс болған жағдайында-қайтыс болу туралы куәлігі, тегін ауыстырған жайтта – тегін ауыстырғаны туралы куәлігі (егер туысы тұрмысқа шықса және т.б.);
- Мектептен, коллдежден, ЖОО-нан (оқушылар үшін), ҚК қатарында қызмет атқарған тұлғалардан, жұмыс орнынан мінездеме – 2 дана (түпнұсқа және көшірме) және еңбек кітапшасы;
- Участкелік полиция инспекторынан (УПИ )анықтама-мінездеме- 2 дана (түпнұсқа және көшірме)
- УПИ-мен расталған көршілерінің 2 данадағы пікірі. Пікірде көршілерінің толық аты-жөндері көрсетілуі міндетті (Т.А.Ә.), мекенжайы, жеке куәлігінің нөмірлері,соның ішінде пікір білдірушінің жеке куәлігінің көшірмесінің болуы қажет
- Мектеп оқушылары үшін: баға көрсеткіші, педагогикалық кеңестің, жұмысшылар үшін –еңбек коллективінің хаттамасынан үзінді
- Үміткерге өтініш жасаушы ІІО-ғы қызметкерлерден екі данадағы ұсыным хат
- 10*12см көлеміндегі-1данада, 3,5*4,5см көлеміндегі-6 данада фотосурет
- Оқуға түсер кезде 18 жасқа толмағандарға (01.09.2017ж.) ата-аналарынан (асырап алушы, қамқоршысынан) ҚР ІІМ М.Бөкенбаев атындағы АЗИ-ға бағытталған нотариалды расталған келісімдері қажет
- Салық комитетінен декларация тапсырғандығы туралы анықтама
- ХҚКО –нан жылжымайтын мүліктің бар немес жоқ екендігі туралы анықтама
-Барлық құжаттар м індетті түрде жинақталады-
ӘДОК-тан өту кезінде қажетті құжаттар:
- Жеке куәлік, туу туралы куәлік
- Әскери тіркеу куәлігі немесе әскери билеті
- 3,5*4,5см.-2 дана фотосуреті.
- Амбулаторлық картасы.
- Егілу картасы
- Соңғы 5 жылдағы учаскелік терапевтің анықтамасы
- Мектептен, армиядан немесе жұмыстан мінездеме көшірмесі.
-