Aktobe law institute of the Ministry of Internal Affairs of the Republic of Kazakhstan named after M. Bukenbaev

News

Күшіміз🤝Бірлікте

29.03.2024

Өңірімізде төтенше жағдай режимі жарияланғаны белгілі.ҚР ІІМ Ақтөбе заң институттың қызметкерлері тасқыннан зардап шеккен аймақтарда жұмыла жұмыс істеп жатыр: көшелері мен аулаларын су басқан тұрғындарға көмек көрсетіп, су бұру, құм төгу, жолдарды судан тазарту, қауіпсіз жерге көшіру жұмысына атсалысуда.

Қызметтік даярлық сабақ кестесіне сай дәріс сабағы

16.03.2024

Қазақстан Республикасы ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институтының жеке құрамына қызметтік даярлық сабақ кестесіне сәйкес, 2024 жылдың 15 наурыз күні институттың арнайы-тактикалық даярлық кафедрасының аға оқытушысы полиция подполковнигі А.А. Кушкимбаев «Атыс даярлығы» бойынша «9-мм Макаров тапаншасының құрлысы, қолдану мақсаты және тактикалық-техникалық сипаттамасы» тақырыбында дәріс сабағын өткізіп, слайд көрсетілді.