Бүгін Қазақстан Республикасы ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институтына Ішкі істер министрінің орынбасары полиция генерал- майоры Әділов Санжар Әскенұлы ресми іссапармен келіп, жеке құрамға оқу орнының жаңадан тағайындалған басшысы полиция полковнигі Есболаев Ғалымжан Молдабекұлын таныстырды.Профессорлық-оқытушылық құрамға болашақ полицейлерді даярлауда жаңа қадамдар мен заманауи бастамалар қажет екендігін атап өтіп, жауапты қызметте …
Институт бастығы полиция полковнигі Нұркен Жанболатұлы Мұхаметқалиевті зейнеткерлік демалысқа салтанатты түрде шығарып салу рәсімі өтті. Нұркен Жанболатұлы шебер көшбасшылық қасиетімен, заманауи саясатымен, жаңашылдық жолымен оқу ордасының ілгері дамуына зор ықпал етіп, жаңа істердің жаршысы болды. Ұзақ жылдар бойы құқық қорғау саласындағы тәжірибесімен бөлісіп, өнегелі үлгісімен, жоғары адамгершілігімен институт ұжымына жол …
2024 жылғы 27 желтоқсанда КОҚҰ кафедрасының бастығы полиция подполковнигі Е.Алдияров Ақтөбе қаласы №74 ЖББОМ 10-11 сынып оқушыларына ішкі істер органдарының «Заң және тәртіп» қағидатын ақпараттық жариялау жөніндегі медиа-жоспардың 6-тармағына сәйкес «Тәртіпті бол» тақырыбында тренинг өткізді. Аталған іс-шараның мақсаты – жоғары сынып оқушыларына қоғамдық тәртіпті бұзудың құқықтық және моральдық салдарын түсіндіру, …
Мемлекет басшысы Қ.Тоқаев «Қазақстан халқын ұйыстыратын тағы бір символ – мемлекеттік тіл» – деген болатын. Сондықтан мемлекет тарапынан мемлекеттік тілді үйренуге барлық мүмкіндіктер қарастырылған. Институтта қызметкерлерге қазақ тілін оқытуды ұйымдастыру жұмыстары алға қойылған. Бұл жұмыс Ақтөбе облысы тілдерді дамыту басқармасының Тілдерді оқыту орталығының қызметімен жыл сайын үзбей атқарылуда. Ағымдағы жылдың …