Aktobe law institute of the Ministry of Internal Affairs of the Republic of Kazakhstan named after M. Bukenbaev

Бастапқы кәсіби даярлық курстарының түлектері ішкі істер органдарының қатарын толықтырды

20.03.2026

20 наурыз күні Ақтөбе заң институтында Наурыз мерекесі қарсаңында, ведомстволық білім беру сапасын арттыру жылы аясында алғашқы кәсіптік даярлық курсы тыңдаушыларын шығарып салуға арналған салтанатты іс-шара өтті.

Шараға Ақтөбе облысы ПД бастығы полиция генерал-майоры Қ.Ж. Әлиев, ҚАЖД бастығы әділет полковнигі Ш.Т. Есенкелдиев және ТЖД бастығының орынбасары полковник Т.Т. Жамбауов қатысты.

Шара қызметтік міндеттерін атқару кезінде қаза болған полиция қызметкерлеріне арналған ескерткішке гүл шоқтарын қою және бір минут үнсіздікпен басталды.

Жиында түлектерді Қ.Ж. Әлиев пен институт бастығы полиция полковнигі Ғ.М. Есболаев құттықтап сертификаттар табыстады.

Курс тыңдаушылары екі ай ішінде кәсіби білім алып, тәртіп пен жауапкершілікті меңгеріп, қызметке қажетті дағдыларды игерді.

Түлектердің ішкі істер органдарында абыроймен қызмет атқаратындықтарына сенім білдіреміз.

Оқуды аяқтаған тыңдаушыларға сәттілік тілейміз!