- Institute
- Educational-methodical activity
- Scientific activity
- Personnel and
educational work - Educational portal
- Обучающиеся
Институтымызда академиялық күнтізбеге сәйкес ағымдағы жылғы 18 желтоқсанда Кәсіби даярлық факультетінің «6В12301 – Құқық қорғау қызметі» мамандығы бойынша 1-курс курсанттарына «Қазақстан тарихы» пәнінен Мемлекеттік емтихан басталды. Қазақстан тарихын білу әр азаматтың борышы. Оқу барысында алған теориялық білімдерін емтихан нәтижесімен дәлелдей алатындығына сенімдіміз. Курсанттарға сәттілік!
2024 жылғы 17 желтоқсанда институттың жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бағдарламаларын іске асыратын ғылыми-педагогикалық магистратурасының магистранттары үшін қысқы емтихан сессиясы басталды. 18 желтоқсанда «Жалпы құқық теориясының қазіргі мәселелері» пәні бойынша емтихан өткізілді. Емтиханды жалпы заң пәндері кафедрасының бастығы, з.ғ.к., қауымдастырылған профессор, полиция полковнигі А.К.Ибраева және жалпы білім беретін пәндер …
Қазақстан Республикасында тіл саясатын дамытудың 2023-2029 жылдарға арналған тұжырымдамасын іске асыру, мемлекеттік тілдің қоғамның барлық саласында қолданылуын талқылау, мекемелерде ұйымдастырылған мемлекеттік тіл курстарының нәтижелерін қорытындылау мақсатында «Тәуелсіздік тірегі – мемлекеттік тіл» дөңгелек үстелі өтті.Шара барысында жыл бойы жүзеге асқан тілдік іс-шаралар мен мемлекеттік тіл курстарының нақты нәтижелері қорытындыланып, орталық оқытушылары …
12-13 желтоқсанда Марат Оспанов атындағы Батыс Қазақстан медициналық университетінің базасында Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі «Сот сараптамалары орталығы» РМҚК және Ақтөбе өңіраралық сот сараптамалары орталығының филиалымен бірлесіп «Сот – медициналық сараптама жүйесіндегі білім, ғылым және практика» І Халықаралық конгресін ұйымдастырды. Қазақстан Республикасы ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институтының атынан қылмыстық процесс …