2024 жылғы 08 сәуірде Қазақстан Республикасы ІІМ М. Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институты жоғары заңгерлік емес білім беру базасында ҚОТ қолдана отырып қысқартылған оқыту нысаны бойынша білім алушылар кәсіптік практикасын қорғады. Кәсіптік практика 2024 жылғы 12 ақпаннан 7 сәуірге дейін облыстардың ПД аумақтық ішкі істер органдарында өтті. Кәсіптік практиканың қорытындылары …
2024 жылғы 4 сәуірде Қазақстан Республикасы ІІМ Малкеджар Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институтында кадрлардың біліктілігін арттыру және қайта даярлау факультетінде оқитын полиция департаменттерінің ювеналды полициясы үшін «халықпен өзара іс-қимылда сервистік тәсілдерді енгізу арқылы полицияға деген сенімді арттыру» тақырыбы бойынша көшпелі сабақ ұйымдастырылды. Сабақ барысында тыңдаушылар «Аяла» өмірлік қиын жағдайдағы …
2024 жылғы 3 сәуірде Қазақстан Республикасы ІІМ Малкеджар Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институтында кадрлардың біліктілігін арттыру және қайта даярлау факультетінде оқитын көліктегі полиция департаментінің Желілік бөлімдері мен полиция бөлімшелері бастықтарының орынбасарлары үшін «полицияның сервистік моделі: негізгі қағидаттары мен элементтері» тақырыбы бойынша көшпелі сабақ ұйымдастырылды. Сабақ барысында тыңдаушылар Ақтөбе облысы ПД …
Кездесу барысында құқық қорғау қызметінің басымды бағыттарына, сондай-ақ, білім беру процесін ұйымдастыру және сабақтарды өту алгоритмі, тәртіп пен заңдылыққа қатысты мәселелер қарастырылды.
Полиция қызметінің беделі жыл сайын артып келеді. Ішкі істер органдарында қызмет етуге бет бұрған жастардың саны көбеюде. 01 сәуірде институтқа әкімшілік қызмет бағытында қысқа мерзімді оқуға (2 ай) ішкі істер органдарына іріктеуден өткен үміткерлер қабылданды.
Қылмыстық құқық, қылмыстық процесс және криминалистика кафедрасының профессорлық-оқытушылық құрамы ҚР ІІМ Тергеу департаментінің өтінімі бойынша «Әйелдер мен кәмелетке толмағандарға қатысты зорлық-зомбылықтың алдын алу ерекшеліктері және қылмыстық жауапкершілік» және «Балаларды асырауға қаражат төлеу жөніндегі міндеттерді орындамау, еңбекке қабылетсіз ата-аналарын, еңбекке қабылетсіз жұбайын (зайыбын) күтіп-бағуға арналған қаражатты төлеуден жалтару және сот үкімін, …
Өңірімізде төтенше жағдай режимі жарияланғаны белгілі.ҚР ІІМ Ақтөбе заң институттың қызметкерлері тасқыннан зардап шеккен аймақтарда жұмыла жұмыс істеп жатыр: көшелері мен аулаларын су басқан тұрғындарға көмек көрсетіп, су бұру, құм төгу, жолдарды судан тазарту, қауіпсіз жерге көшіру жұмысына атсалысуда.
Бүгін оқу ордамызда институтқа есімі берілген Кеңес Одағының батыры милиция подполковнигі М. Бөкенбаевтың туғанына 100 жыл толуына орай жеке құрам арасында волейболдан турнир өткізілді. Жарыс барысында командалар айналмалы жүйе бойынша сынға түсіп, жеңімпаз бен жүлдегерлердің есімдері анықталды. Турнирдегі ойындар кезінде спорттық шеберлігімен көзге түскен қызметкерлер арнайы номинацияларға иелік етті. Атап …
Қазақстан Республикасы ІІМ Малкеджар Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институтының ІІО әкімшілік қызметі кафедрасы ішкі істер органдарының ақпараттық-имидждік жұмысын іске асыру жоспарын орындау мақсатында 2024 жылғы 27 наурызда «Самара-Бішкек» және «Маңғыстау-Ақтөбе» жолаушылар поездарында «Сенім купесі» акциясын өткізді. Аталған іс-шараның мақсаты ішкі істер органдарының ақпараттық-имидждік жұмысын, сондай-ақ Малкеджар Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң …
Қазақстан Республикасы ІІМ Малкеджар Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институты Кеңес Одағының екі мәрте батыры Талғат Бигелдинов атындағы Әуе қорғаныс күштері әскери институтының өкілдерімен бірлесіп 2024 жылғы 26 наурызда «Дәріс сабақтарын өткізу кезінде оқытудың интерактивті әдістерін қолдану» тақырыбында дөңгелек үстел өткізді. Іс-шараның мақсаты екі жоғары оқу орны арасында заманауи әдістер мен …