Aktobe law institute of the Ministry of Internal Affairs of the Republic of Kazakhstan named after M. Bukenbaev

«Салт-дәстүр – асыл қазына» атты зияткерлік сайысы өткізілді

30.03.2026

2026 жылдың 30 наурызында ақпараттық саясат бөлімшесінің ұйымдастыруымен 1 курс курсанттары арасында «Салт-дәстүр – асыл қазына» атты зияткерлік сайысы өткізілді.

Іс-шараның мақсаты: Наурыз мерекесін ұлттық салт-дәстүрімізбен, әдет-ғұрпымызбен байланыстыра насихаттап, ұрпақтардың өз ұлтына деген сүйіспеншілігін арттыру мақсатында курсанттарды зияткерлік ойын арқылы білімдерін шыңдау, қазақ халқының салт-дәстүрінің тәрбиелік мәнін ұғындыру, жастардың бойына адамгершілік қасиеттерін қалыптастыру, халық өнегесін үйрету.

Сайыс барысында қатысушылар топқа бөлініп,  бірнеше кезең бойынша бақ сынап, салт-дәстүр, ғұрып, жөн-жоралғыға қатысты сұрақтарға жауап беріп, логикалық тапсырмалар орындады. Қатысушылар өз білімдері мен тапқырлықтарын көрсетіп қана қоймай, ұлттық құндылықтарды дәріптеуде белсенділік танытып, «Салт-дәстүр және заманауи үдеріс» тақырыбында өздері ұсынған коллаждарын қорғады.

Курсанттар қазақ халқының салт-дәстүрлерінің мән-мағынасын тереңірек түсініп, олардың бүгінгі қоғамдағы рөлін, ұрпақ сабақтастығын жан-жақты ұғынды. Зияткерлік сайыс курсанттардың тек білімін жетілдіріп қана қоймай, олардың тұлғалық дамуына, елжандылық рухта тәрбиеленуіне және рухани дүниесінің баюына, ұлттық сана-сезімінің нығаюына әсер етті.