Қазақстан Республикасы ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институты

Жаңалықтар

ЖАЛПЫ ЗАҢ ПӘНДЕР КАФЕДРАСЫ КАФЕДРА КҮНІН ӨТКІЗДІ

27.08.2023

Алғашқы кәсіби даярлық курс тыңдаушыларына жалпы заң пәндер кафедрасының қызметкерлері тыңдаушыларға кафедраның күнделікті өмірі мен жетістіктерін жеткізу мақсатында КАФЕДРА КҮНІН өткізді.Сондай-ақ, тыңдаушыларға Конституция күніне арналған баяндамалар оқылды, конституциялық даму кезеңдеріне арналған деректі фильм көрсетілді және оқытушылар тыңдаушылармен бірлесіп патриоттық әндер орындап концерт ұйымдастырды.

Тыңдаушылар арасында психодиагностика жүргізілді

25.08.2023

Институттың инспектор-психологы И.Б. Танатарова тыңдаушылар арасында полиция қызметкерінің жеке басының маңызды психологиялық қасиеттерінің бірі жүйке-психикалық тұрақтылық деңгейін анықтау бойынша диагностикалық жұмыс жүргізуде.

Малкеджар Бөкенбаевқа арналған портрет-кеші

23.08.2023

АКДК тыңдаушыларына патриоттық тәрбие беру мақсатында портреттік кеш ұйымдастырылды. Оның барысында институтымызға есімі берілген Кеңес Одағының батыры, милиция подполковнигі М.Бөкенбаевтың өмір жолына қатысты мағлұмат беріліп, соғыс жылдарындағы ерлік істері насихатталды. Батыр туралы мәліметтерді толықтыра түсу үшін, мұражайға экскурсия жасалып, жинақталған құжаттармен таныстырылды.

“ӘЙЕЛДІҢ РУХАНИ ДАМУЫ” СЕМИНАР-ТРЕНИНГІ

18.08.2023

Институттың әйелдер құрамы арасында “Әйелдің рухани дамуы” тақырыбында “Ихсан” орталығының теолог мамандары Исаева Алтынай және Бисембаева Роза семинар-тренинг өткізді.Семинар-тренингте қоғамда рухани құндылықтардың дамуында әйелдің рөлі, отбасындағы жылылық, энергетиканы қайдан алу керектігі жөнінде пайдалы, дін және дәстүр призмасынан өткен ақпараттар берді.

ПБ ПАТРУЛЬДІК ПОЛИЦИЯ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІМЕН ПРАКТИКАЛЫҚ САБАҚ

18.08.2023

Институт алаңында көлік объектілерінде қауіпсіздікті қамтамасыз ету кафедрасының ұйымдастыруымен Ақтөбе қаласы ПБ патрульдік полиция қызметкерлері тыңдаушыларға заманауи құрылғылар электронды планшет, бейне-тіркегіш т.б. құралдардың қолданылуы туралы тәжірибелік сабақ өткізіп, тыңдаушылардың сұрақтарына нақты жауап берді.