Қазақстан Республикасы ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институты

Жаңалықтар

ЖАЛПЫ ЗАҢ ПӘНДЕР КАФЕДРАСЫ КАФЕДРА КҮНІН ӨТКІЗДІ

27.08.2023

Алғашқы кәсіби даярлық курс тыңдаушыларына жалпы заң пәндер кафедрасының қызметкерлері тыңдаушыларға кафедраның күнделікті өмірі мен жетістіктерін жеткізу мақсатында КАФЕДРА КҮНІН өткізді.Сондай-ақ, тыңдаушыларға Конституция күніне арналған баяндамалар оқылды, конституциялық даму кезеңдеріне арналған деректі фильм көрсетілді және оқытушылар тыңдаушылармен бірлесіп патриоттық әндер орындап концерт ұйымдастырды.

Тыңдаушылар арасында психодиагностика жүргізілді

25.08.2023

Институттың инспектор-психологы И.Б. Танатарова тыңдаушылар арасында полиция қызметкерінің жеке басының маңызды психологиялық қасиеттерінің бірі жүйке-психикалық тұрақтылық деңгейін анықтау бойынша диагностикалық жұмыс жүргізуде.

Малкеджар Бөкенбаевқа арналған портрет-кеші

23.08.2023

АКДК тыңдаушыларына патриоттық тәрбие беру мақсатында портреттік кеш ұйымдастырылды. Оның барысында институтымызға есімі берілген Кеңес Одағының батыры, милиция подполковнигі М.Бөкенбаевтың өмір жолына қатысты мағлұмат беріліп, соғыс жылдарындағы ерлік істері насихатталды. Батыр туралы мәліметтерді толықтыра түсу үшін, мұражайға экскурсия жасалып, жинақталған құжаттармен таныстырылды.