- Institute
- Educational-methodical activity
- Scientific activity
- Personnel and
educational work - Educational portal
- Обучающиеся
17.09.2023 жылы қылмыстық құқық, қылмыстық процесс және криминалистика кафедрасының профессорлық-оқытушылар құрамы алғашқы кәсіби даярлық курстарының тыңдаушыларымен таныстыру кездесуін өткізді. Кездесу барысында болашақ полиция қызметкерлері кафедраның қалыптасу тарихымен және жұмысының негізгі бағыттарымен, Ақтөбе облысы ПД Жедел-криминалистикалық қызметінің қызметімен, оқиға орнын тексерудің тактикалық тәсілдері мен ережелері, қылмыс іздері мен заттай дәлелдемелерді табу, …
Өткен жексенбіде Ақтөбе суқоймасының жағалауында тыңдаушылардың өзара қарым-қатынастарын жақсарту және командалық рухты көтеру, ұйымшылдығын жоғарылату, бір-бірінің жеке қасиеттерін танып-білу, бірігіп жұмыс жасауға ынталандыру, жоғары тиімділігі бар бірлескен әрекеттер тәжірибесін қалыптастыру, бейімділігін дамыту мақсатында ауқымды тимбилдинг ұйымдастырылды. Оған институттың 100-ге жуық тыңдаушылары қатысты. Тыңдаушылар топтық қызықты ойындарға қатысып, жеңімпаздар грамоталармен марапатталды. …
16 қыркүйек күні Институттың алғашқы кәсіби даярлық курсының тыңдаушыларымен институт бастығының орынбасары полиция полковнигі С.И. Каракушевтің бастамасымен, кәсіби даярлық факультеті, кафедра бастықтары және мониторинг қызметкерлерімен кездесу жүзеге асырылды. Кездесудің мақсаты оқу үрдісін жетілдіру, оқу сабақтарының барлық түрлерін барынша меңгеру, өтем жасау жағдайын, қорытынды бақылау өткізу тәртібі мен кестесін жеткізу және …
«Отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылық факторлары және олардың алдын алу» ғылыми ізденіс тақырыбы аясында ағымдағы жылдың 16 қыркүйегінде институттың Ғылыми-зерттеу орталығы Ақтөбе облысы ПД әйелдерді зорлық-зомбылықтан қорғау тобының (МТЖК) инспекторларымен, «Анаға тағзым» рухани және адамгершілік тәрбие орталығының, «Малика» Дағдарыс орталығы, «Ақтөбе қаласының отбасын қолдау орталығы», «Ақтөбе қаласының ішкі саясат бөлімі» ММ, «Өмірлік қиын …
Көлік объектілерінде қауіпсіздікті ұйымдастыру кафедрасының оқытушылық құрамының ұйымдастыруымен “Теміржол көлігі объектілерінде құқықбұзушылыққа қарсы іс-қимыл” тақырыбында симуляциялық жаттығулар жүргізілді. Сабақ барысында тыңдаушылар шынайы құқықбұзушылыққа жақын жағдайда өздерінің білімдерін қолдануды үйренді.
Институттың ІІО әкімшілік қызметі кафедрасының оқытушылары Ақтөбе қаласы ПБ патрульдік полиция батальонының қызметкерлерін шақыртумен тындаушыларға тәжірибелік сабақ өткізді.
10 қырқүйекте – Отбасы күні кәсіби психологиялық даярлық және ІІО басқару кафедрасының ұйымдастыруымен «Отбасы – бақыт мекені» тақырыбында іс-шара өткізілді. Іс-шара барысында тыңдаушылар отбасы құндылығы мен міндеті турлы өз ойларын ортаға салып пікір таласты.
«Тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу жұмыстарын ұйымдастырудың негізгі бағыттары» ғылыми зерттеу жұмысы аясында кәсіби психологиялық даярлық және ІІО басқару кафедрасының оқытушы құрамы Ақтөбе қаласы желілік полиция станциясының қызметкерлерімен бірлесе отырып Теміржол вокзалында азаматтарға тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қатысты түсіндірме жұмыстары мен сауалнама жүргізді. Сондай-ақ, Ф.Оңғарсынова атындағы №41 мектеп-гимназиясының мұғалімдері мен ата-аналары арасында «Тұрмыстық …
Тілдер апталығының аясында Ақтөбе облысының тілдерді дамыту басқармасының Тілдерді оқыту орталығының директоры К.Х.Серғазина және Орталық директорының орынбасары Г.Н.Төлегенова Институттың тұрақты және ауыспалы құрамына «Латын графикалы қазақ әліпбиі: оқу, жазу» тақырыбында ақпараттық-лингвистикалық семинар-тренинг өткізіп, тіл саласындағы реформалар мен жаңашылдықтар туралы ақпаратпен бөлісіп, тренингтік жұмыстар жүргізді.
Бүгін институтта 5 қыркүйек – Қазақстан халқы тілдері күніне арналған «Тіл – әр халықтың байлығы» атты апталықтың жұмысы бастау алды.Тілдік шаралар қатарын алғашқы кәсіби даярлық курсының тыңдаушыларына топ жетекшілері «Мемлекеттік тіл – менің тілім» айдарымен тәрбие сағаттарын өткізуде. 4-топ жетекшісі полиция подполковнигі Ә.Сағынтаев топтық жұмыстар жасап, туған тілге деген құрмет …
|
|