- Институт
- Оқу-әдістемелік
қызмет - Ғылым
- Кадр және тәрбие
жұмысы - Білім порталы
- Обучающиеся
2026 жылғы 13 ақпан күні М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институтының тәрбие жұмысы бөлімі №8 орта мектебінің оқушыларына Ашық есік күнін өткізді. Аталған шара оқушыларға мектепті тәмамдағаннан кейін мамандық таңдауға, институттың тыныс-тіршілігімен, материалдық базасымен танысуға және кәсіби бағыт-бағдар алуға мүмкіндік берді. Сонымен қатар институтқа оқуға қабылдау тәртібі мен артықшылықтары түсіндіріліп, ақпараттық …
2026 жылғы 12 ақпанда институттың тәрбие жұмысы бөлімінің аға инспекторы полиция аға лейтенанты Б. Айсұлтан Ақтөбе қаласындағы №34 орта мектебінің 10-11 сынып оқушыларына кәсіби бағдар беру жұмысын жүргізді. Кездесу барысында оқушыларыға институтқа қабылдау тәртібі, оның артықшылықтары мен мүмкіндіктері туралы толық мәлімет беріліп, ақпараттық буклеттер таратылды.
Мамандықты дұрыс таңдау – бала болашағының маңызды кезеңі. 2026 жылғы 6 ақпан күні М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институтының тәрбие жұмысы бөлімі “Дүние” колледжінің студенттеріне Ашық есік күнін өткізді. Аталған шара студенттерге колледжді тәмамдағаннан кейін мамандық таңдауға, институттың тыныс-тіршілігімен, материалдық базасымен танысуға және кәсіби бағыт-бағдар алуға мүмкіндік берді.
2026 жылғы 06 ақпанда бастау алатын XXV қысқы Олимпиада ойындарының қарсаңында институт аумағында қысқы спорттық-ойын-сауық нысаны – мұз айдынының салтанатты ашылуы өтті. Осы оқиғаның құрметіне қыстың шілдесіндегі қақаған аязға қарамастан институттың барлық қызметкерлерін біріктірген кең ауқымды ұжымдық «тимбилдинг» ұйымдастырылды. Іс-шара бауырластық рухты, ұжымдық бірлікті және салауатты өмір салтын құрудың маңыздылығын …
ҚР ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институтында 2026 жылғы 26-31 қаңтар аралығында Көліктегі ПД кезекші бөлімшелерінің жедел кезекшілері мен аға инспектор-кезекшілеріне арналған «КПД кезекші бөлімшелерінің жұмысын ұйымдастыру» тақырыбында біліктілікті арттыру курсы өтті. Курс барысында қатысушылар қызмет барысындағы маңызды мәселелердің теориялық және тәжірибелік шешімдері, олардың дұрыс қолданылу бағыты бойынша дағдыларды меңгерді. …
Кеңес Одағының батыры Малкеждар Бөкенбаевтың өмір жолы, соғыста жасаған ерлік істері мен құқық қорғау қызметіне қосқан үлесі жас ізбасарларына үлкен өнеге. 2026 жылғы 26 қаңтарда алғашқы кәсіби даярлық курсының тыңдаушыларына тарих беттерінде алтын әріппен есімі жазылған қаһарман тұлғаның Отан қорғаудағы жанқиярлық өшпес ерліктері арқылы отансүйгіштікке, ұлтжандылыққа тәрбиелеу мақсатында батырдың өмірбаянынан …
Көлік объектілерінде қауіпсіздікті ұйымдастыру кафедрасының ұйымдастыруымен 2026 жылғы 27 қаңтарда «Қазақстандағы киберқауіпсіздік: қазіргі жағдайы мен болашағы» тақырыбында онлайн және офлайн форматта республикалық дөңгелек үстел өткізілді. Аталған іс-шараның мақсаты – цифрлық ортаны қорғауды күшейту, киберқауіпсіздік саласындағы құзыреттерді дамыту қажеттілігін жүзеге асыру, деректердің заңсыз таралуының және интернет-алаяқтықтың алдын алу болып табылады. Өйткені, …
2026 жылғы 21 қаңтарда институт басшылығының алғашқы кәсіби даярлық курсынан өтуге келген тыңдаушылармен кездесуі өтті. Жиын барысында тыңдаушыларға күн тәртібі, тәртіп пен заңдылықты сақтау талаптары, оқу процесінің ұйымдастырылу, нысанды киім кию тәртібі, әскери қызметкерге қойылатын моральдық-этикалық нормалар мен болашақ қызметтің жауапкершілігі туралы түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
Бүгін Қазақстан Республикасы ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институтында 2026 жылғы алғашқы кәсіптік даярлық курсына қабылданған тыңдаушылардың алғашқы легі оқу жолын бастады. Бұл қабылданым ішкі істер органдарының қатарын жаңа, білікті кадрлармен толықтыру бағытындағы биылғы жылдың алғашқы ірі қадамы болып табылады. Еліміздің түкпір-түкпірінен келген үміткерлер іріктеу кезеңдерінен сәтті өтіп, құқық қорғау …
2026 жылғы 14 қаңтарда әкімшілік құқық және ІІО әкімшілік қызмет кафедрасының аға оқытушысы полиция подполковнигі А.А. Алмағамбетова № 17 мектеп-гимназиясының оқушылары арасында «Өз құқықтарыңды біл» тақырыбында дәріс өткізді. Іс-шара барысында кәмелетке толмағандардың негізгі құқықтары, олардың міндеттері, жекелеген құқық бұзушылықтар үшін жауаптылығы, құқық бұзған жағдайда құқық қорғау органдарына жүгіну тәртібі туралы …
|
|