Қазақстан Республикасы ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институты

«ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ КИБЕРҚАУІПСІЗДІК: ҚАЗІРГІ ЖАҒДАЙЫ МЕН БОЛАШАҒЫ» тақырыбындағы  республикалық дөңгелек үстел

27.01.2026

Көлік объектілерінде қауіпсіздікті ұйымдастыру кафедрасының ұйымдастыруымен 2026 жылғы 27 қаңтарда «Қазақстандағы киберқауіпсіздік: қазіргі жағдайы мен болашағы» тақырыбында  онлайн және офлайн форматта республикалық дөңгелек үстел өткізілді.

Аталған іс-шараның мақсаты – цифрлық ортаны қорғауды күшейту, киберқауіпсіздік саласындағы құзыреттерді дамыту қажеттілігін жүзеге асыру, деректердің заңсыз таралуының және  интернет-алаяқтықтың алдын алу болып табылады. Өйткені, ақпараттық құрылымға жасалған кибершабуылдар ХХІ ғасырдағы жаһандық қауіпсіздікке ең маңызды және үнемі өсіп келе жатқан қауіптердің бірі. Осындай киберқауіптермен күресу үшін халықтың цифрлық сауаттылығын арттыру, цифрлық гигиенаның қарапайым ережелерін сақтау талап етіледі.

Дөңгелек үстелге Қазақстан Республикасы ІІМ  Киберқылмысқа қарсы іс-қимыл департаментінің аса маңызды істер жөніндегі аға жедел уәкілі  полиция подполковнигі А.А. Мағажанов, Ақтөбе полиция департаменті Киберқылмысқа қарсы іс-қимыл басқармасының жедел уәкілі  полиция капитаны Ж.А. Шагиров, Ақтөбе облысы ПД Тергеу басқармасы АМІЖ аға тергеушісі полиция майоры Р.Қ.Исмурзин, ведомстволық оқу орындарының профессор-оқытушылық құрамы және магистранттары атап айтқанда: Қазақстан Республикасы ІІМ М.Есболатов атындағы Алматы академиясы Киберқауіпсіздік және ақпараттық технологиялар кафедрасы бастығының орынбасары, полиция майоры Д.Қ.Қуаныш, Қазақстан Республикасы ІІМ Б.Бейсенов атындағы Қарағанды академиясының киберқауіпсіздік және ақпараттық технологиялар кафедрасының бастығы, заң ғылымдарының кандидаты, қауымдастырылған профессор (доцент), полиция майоры Е.П. Шульгин, Қазақстан Республикасы ІІМ Ш.Қабылбаев атындағы Қостанай академиясының киберқауіпсіздік және ақпараттық технологиялар кафедрасының доценті, философия докторы (PhD), полиция подполковнигі С.М.Танатаров және академия магистранттары,кафедраның ПОҚ, 1, 2 курс магистранттары,сонымен қатар біліктілікті арттыру және кадрларды қайта даярлау курсына барлық республика өңірлерінен келген тыңдаушылар қатысты. Дөңгелек үстел барысында орын алған мәселелер толығымен шешімін тауып, тиісті мамандардан тұжырымды жауаптар алынды, іс-шараға белсене қатысушылар алғыс хатпен марапатталды.