ЖЗП кафедрасының аға оқытушысы, полиция подполковнигі Р.Н.Джигитова «Тіл – ұлттың жан дүниесі» атты 104-оқу тобында дөңгелек үстел өткізді.Бұл дөңгелек үстелдің негізгі мақсаты – курсанттардың ана тіліне деген құрмет сезімін оятып, тіл мәртебесін арттыру, сауатты әрі таза сөйлеуге дағдыландыру. Сонымен қатар, өз ұлтына, туған еліне деген сүйіспеншілігін арттыру, ұлттық рухты нығайту.Іс-шарада …
«Заң және тәртіп» идеологиясын ілгеріту аясында Институттың Оқу әдістемелік орталығының қызметкерлері, полиция подполковнигі А.Галиулина мен полиция майоры Г.Ибыжанова Ақтөбе қаласының “Білім” мектеп-гимназиясының оқушыларымен «Құқықтық тәртіп және әлеуметтік жауапкершілік” тақырыбында кездесу өткізді.Іс-шара барысында жасөспірімдер арасында қоғамдық тәртіп, құқықтық сауаттылық және азаматтық жауапкершілік мәселелері талқыланды. Бұл шара құқықтық сананы арттыруға және білім …
Кенес Одағының Батыры Әлия Молдагұлованың 100 жылдығына арналған дзюдо күресінен ересектер (әйелдер мен ерлер) арасындағы «ALIA OPEN»республикалық турнирге Қазакстан Республикасы ІІМ М. Бөкенбаеватындағы Ақтөбе заң институтының құрама командасы қатысып, 78 кг салмақ дәрежесінде дене шынықтыру кафедрасының аға оқытушысы полиция подполковнигі А.Сейтимова 2-орын, 1 курс курсанты П.Байтемір 3-орын иеленді.Мерген қыз, жерлес …
Қазақстан Республикасы ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институтының қабырғасында “Заң мен тәртіп” және “Ерлік ел есінде” тақырыптары аясында үлгі тұтатын қайсар азаматтармен кездесу өтті. Атап айтсақ, Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен “Ерлігі үшін” мемлекеттік наградаларын алған полиция қызметкерлері – полиция капитаны Салимгереев Нұрхат Қайратұлы, полиция капитаны Кемельтаев Дархан Нағашыбайұлы, полиция майоры …
Полиция күнін мерекелеу аясында, Қазақстан Республикасы ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институтында курсанттар арасында масс-рестлингтен дәстүрлі жарыс ұйымдастырылды. Іс-шара жас мамандардың дене шынықтыру дайындығын арттыруға, салауатты өмір салтын насихаттауға және спортқа деген сүйіспеншілігін нығайтуға бағытталған.Жарысқа институттың барлық курсанттары белсенді қатысып, өздерінің күшін, ептілігін және төзімділігін көрсетті. Масс-рестлинг – қатысушылардың мықтылығын …
«Заң мен тәртіп» идеологиясын іске асыру аясында «Жанжалдардың алдын алу және орын алған жанжалдарды шешу әдістері» тақырыбында біліктілікті арттыру курсының тыңдаушыларына тренинг өткізілді.Аталған тренинг ішкі істер органдары қызметкерлерінің кәсіби дағдыларын жетілдіруге бағытталған. Іс-шара барысында қатысушылар жанжалдардың психологиялық табиғаты, олардың туындау себептері, жанжалды жағдайларды ерте анықтау, алдын алу және тиімді шешу …
Бүгін институт басшылығы жеке құрамның жауынгерлік рухын көтеріп, қызметтік міндеттерін жауапкершілікпен атқаруға ынталандыру мақсатында таңғы таралым өткізді. Институт бастығының орынбасары полиция подполковнигі Ж. Абдрахманов спорттық самбо және жауынгерлік самбодан Қазақстан чемпионатының жеңімпаздарын, институтта өткен әскери-тактикалық ойындардың жүлдегерлерін және ғылыми-теориялық конференцияға белсенді қатысқан курсанттарды марапаттады.
2025 жылдың 09 маусым мен 14 маусым аралығында еліміздің барлық облыстарынан келген кадр қызметінің инспекторларына «Заманауи кезеңдегі кадр қызметі жұмысын ұйымдастыру» тақырыбында біліктілікті арттыру курстары өтті.Курс барысында қызметкерлер заңнамалық жаңашылдықтар, қызмет барысындағы маңызды мәселелердің теориялық және тәжірибелік шешімдері, олардың дұрыс қолданылу бағыты бойынша дағдыларды меңгерді. Курс сонында қызметкерлерге біліктілікті арттыру …
Донор жыл сайын миллиондаған адамдардың өмірін сақтап қалады. Бұл өмірге қауіп төндіретін жағдайлардан зардап шегетін науқастардың өмірін ұзартуға және олардың өмір сүру сапасын жақсартуға көмектеседі.14 маусымда аталып өтетін Дүниежүзілік қан доноры күніне орай, М. Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институтының қызметкерлері белсенділік танытып, донор болды. Жеке құрамның осы іспетті игі істермен …
|