18.05.2026
Курсанттар арасындағы өзара қарым-қатынасты жақсарту мақсатында М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институтының ЖҚЖБ психологтары 2-курс курсанттарына арналған психологиялық тренинг өткізді.
Тренинг барысында топтың өзекті психологиялық ерекшеліктері анықталып, проблемалық аймақтар белгіленді, сондай-ақ оқу мотивациясын арттыруға, ұжымның бірлігін нығайтуға және курсанттардың кәсіби таңдауының дұрыстығына деген сенімін дамытуға бағытталған.
Рефлексия барысында курсанттар тренинг барысында бір-бірі туралы көптеген жаңа әрі қызықты мәліметтер білгендерін, сондай-ақ бір-бірімен бұрын байқалмаған қырынан тани алғандарын атап өтті. Қатысушылар алынған тәжірибе взводтағы алдағы өзара қарым-қатынасқа оң әсерін тигізіп, оларды сенімді, ашық және өзара құрметке негізделген деңгейде құруға мүмкіндік беретініне сенім білдірді.
Тренинг жағымды әрі нәтижелі атмосферада өтті, топішілік байланыстардың нығаюына, тиімді өзара әрекеттесу дағдыларының дамуына және взводта қолайлы әлеуметтік-психологиялық ахуалдың қалыптасуына ықпал етті.










