Қазақстан Республикасы ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институты

«Абай Құнанбаевтың қара сөздеріндегі гуманистік идея»  тақырыбында әдеби алаң

8.04.2026

Ағымдағы жылдың 8 сәуір күні ведомствалық білім беру сапасын арттыру жылы аясында және Қазақстан Республикасы ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институтының 30 жылдық мерейтойына орай Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университеті базасында «Абай Құнанбаевтың қара сөздеріндегі гуманистік идея» тақырыбында әдеби алаң ұйымдастырылды.

Қазақстан Республикасы ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институтының профессор-оқытушылар құрамы, «Бір ел – бір кітап» ғылыми үйірмесінің жетекшісі      Е.Н. Нурланов және үйірме мүшелері қонақ ретінде қатысып, университет ұжымымен бірге әдеби-танымдық кездесуге атсалысты.

Іс-шара барысында қатысушылар Абай Құнанбаев қара сөздеріндегі гуманистік идеялар, адамгершілік құндылықтар, білім мен ғылымның маңызы, рухани тәрбие және ұлттық сана мәселелері төңірегінде өзара пікір алмасты. Абай шығармаларындағы терең философиялық ойлар қазіргі қоғаммен сабақтастырылып, жастар тәрбиесіндегі рөлі кеңінен талқыланды.

Әдеби алаң аясында «Жас әдебиеттанушы» және «Бір ел – бір кітап» ғылыми үйірмелерінің мүшелері белсенділік танытып, шығармашылық және ғылыми көзқарастарын ортаға салды. Қатысушылар Абай мұрасын жан-жақты талдап, оның шығармаларының тәрбиелік және рухани маңыздылығына ерекше тоқталды.

Сонымен қатар кездесу барысында студенттер мен курсанттар арасында еркін форматтағы пікірталас ұйымдастырылып, әдеби шығармаларды талдау мәдениеті, сыни ойлау және ғылыми пайым жасау дағдылары дамытылды. Мұндай тағылымды шаралар жастардың ұлттық әдебиетке деген қызығушылығын арттырып, рухани құндылықтарды насихаттауға үлкен ықпал етеді.

Іс-шара соңында қатысушылар ұйымдастырушыларға алғыстарын білдіріп, алдағы уақытта да осындай бірлескен ғылыми-мәдени кездесулерді жалғастырудың маңыздылығын атап өтті.