22.12.2022
Білім сапасын бақылау және мониторинг бөлімшесі 2019 жылдың қарашасында құрылды. Бөлімшенің бастығы полиция подполковнигі Левченкова Алена Николаевна, аға инженер-программист полиция майоры Толепберген Орынбек Сапарбекулы.
Бөлімшенің функцияларына мыналар кіреді:
- академиялық топтар мен ағындарды қалыптастыру;
- курсанттардың жеке оқу жоспарларын белгіленген тәртіппен тіркеу;
- курсанттардың академиялық рейтингісін есептеу;
- оқытудың академиялық кезеңі ішінде және оқудың барлық кезеңінде курсанттардың игерген кредиттерін есепке алу;
- курсанттардың транскриптерін толтыру;
- курсанттардың үлгерімін ағымдағы бақылау, межелік бақылау, аралық және қорытынды аттестаттау мониторингін ұйымдастыру және жүргізу;
- оқу жылына арналған оқу жұмыс жоспарлары мен академиялық күнтізбеге сәйкес талдау және қорытындылау;
- академиялық ұтқырлықты ұйымдастыру;
- мониторинг үшін бақылау құралдарының (тест тапсырмаларының деректер банкі) және технологиялардың (тестілеу, сауалнама жүргізу жүйелері) қорын құру және білім сапасын бағалау;
- аралық бақылау жүргізу технологиясының сақталуын бақылау;
- курсанттарды аралық және қорытынды аттестаттау кезінде бақылау, сынақтар және емтихандар ;
- мемлекеттік емтихан комиссияларының құрамын қалыптастыру және жұмысын ұйымдастыру, нәтижелерін талдау және олардың жұмыс қорытындысы бойынша ұсыныстар дайындау;
- білім беру қызметін дамыту және курсанттардың үлгерімін арттыру бойынша ұсыныстар жинау;
- білім беру сапасының мониторингі мен бағалау құжаттамасын әзірлеу;
- оқытушыларға, курсанттарға, түлектерге сауалнама жүргізу;
- апта сайын кредиттік технология бойынша жеке және топтық рейтингтің қорытындысын шығару.