Қазақстан Республикасы ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институты

Теория мен тәжірибенің бірлігі

26.04.2017

Тәжірибелік қызметкерлерді сабақ өткізу кестесіне сай 2017 жылғы    17 және 25 сәуірде жалпы құқықтық пәндер кафедрасының аға оқытушысы полиция подполковнигі А.Каримбаеваның ұйымдастыруымен Қазақстан Республикасының азаматтық іс жүргізу құқығы пәнінен «Талап қою бойынша іс жүргізудің түсінігі мен маңызы. Азаматтық процестегі талап қою.» тақырыбында Ақтөбе қалалық сотының судьясы Г.Т.Алекенованың қатысуымен және «Сотта азаматтық істің қозғалуы. Істі сотта қарауға дайындау. Азаматтық істерді бірінші сатыдағы сотта қарау.» тақырыбында Ақтөбе қалалық сотының судьясы А.Н.Абдраеваның қатысуымен 2 дәріс сабағы жоспарланып өткізілді.   

Дәріс сабағы 1 курстың 103,104 – оқу топтарының курсанттарына өткізілді.

Дәрістің мақсаты: Қазақстан Республикасының жаңадан енгізілген Азаматтық кодексіне байланысты Қазақстан Республикасындағы сот органы қызметінің жаңа жағдайларымен курсанттарды тәжірибелік тұрғыдан таныстыру; бірінші кезеңдегі сот істерін жүргізумен, талап өндірісінің ерекшеліктерімен, түсінігімен, талап түрлері және элементтерімен, сотта азаматтық істі қозғау тәртібімен, сонымен қатар істі сот қарауына дайындау барысында да, істің бірінші сатыдағы сотта қаралуы барысында да іске асырылатын іс жүргізу әрекеттерінің мақсаттарымен, міндеттерімен және тәртібімен  таныстыру.

Оқу сабақтары екі бөлімнен тұрды. Сабақтың бірінші бөлімінде (10 мин) полиция подполковнигі А. Каримбаева ұйымдастыру жұмыстарын жүргізді (сабақ мақсаты, дәріс сұрақтары, қонақты шақыру себептері) және азаматтық істерді қарауда талап етуші тұлғалардың даулары құқық туралы екендігін, сонымен қатар, бірінші инстанциядағы сот қызметінің негізгі бағыттары айқындалды.

Дәріс сабағының екінші бөлімі әңгіме түрінде өтті. Дәріске қатысушылар Г.Т.Алекенова мен А.Н.Абдраеваға өз сұрақтарын қызығушылықпен қойды.

Курсанттарды азаматтық істердің өндірісіндегі қоғамдық қызығушылықтардың, азаматтардың және ұйымдардың заңды әрекеттері мен құқықтарын қорғаудағы сұрақтар қызықтырды.

Негізінен, бірінші инстанциядағы соттың үш ісін жүргізу түрі туралы сұрақтар қойылды: талап өндірісі, ерекше талап өндірісі, ерекше өндіріс. Кейбір қарама-қайшылықтар туралы айтылып, олар аудиторияда өзара қызу пікір алмасуға итермеледі.

Дәріскерлермен сот практикасындағы тәжірибелік тұрғыдан азаматтардың және ұйымдардың заңды субъектілік құқықтарын қорғаудағы кездесетін мысалдар келтірілді.

Дәрісті курсанттар үлкен қызығушылықпен тыңдады. Барлық қойылған сұрақтарға курсанттар толық және пайдалы ақпараттары бар жауаптар алды.

Дәріс нақты, жан-жақты түсіндірілді, сонымен қатар, оның берер тәрбиелік мәні зор болды. Тәжірибелі қызметкерлердің дәріс беруі курсанттарға білімді сапалы игерудің қажеттігін және оны қазіргі таңда жан-жақты оқып игеру мүмкіндігі бар екенін айқындады.

Жалпы тәжірибелі қызметкерлердің сабаққа тартылуы сабақ беруде жақсы көрсеткіштер көрсетеді. Курсанттар ғылыми тұрғыдан, тәжірибемен байланысқан сабаққа асқан қызығушылықпен қарап, өз қызметтеріне керекті ақпараттарды зерделеп алатыны байқалды.

Қазақстан Республикасы ІІМ М.Бөкенбаев атындағы

Ақтөбе заң институты

жалпы құқықтық пәндер кафедрасының

аға оқытушысы

полиция подполковнигі А.К.Каримбаева