27.01.2018
2018 жылғы 22 – 26 қаңтар аралығында «Қатерлер мен қауқарсыздық: негізгі қатерлі топтар мен адам құқығын қорғауға қатысты құқық қорғау қызметі» тақырыбы бойынша жергілікті полиция қызметкерлерінің қатысуымен Қазақстан Республикасы ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институтында БҰҰ басқармасымен бірге ұлттық семинар-тренинг өтті.
Семинар тренингті өткізушілер:
- Н.А.Тулкинбаев – Қазақстан Республикасы ІІМ Ш. Қабылбаев атындағы Қостанай академиясының ІІО әлеуметтік жұмыстарды ұйымдастыру кафедрасының бастығы, п.ғ.к., доцент, полиция полковнигі.
- Е.К. Балымов – Қазақстан Республикасы ІІМ М. Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институтының қылмыстық процесс және криминалистика кафедрасының оқытушысы, докторант, полиция капитаны.
Сонымен қатар, семинар-тренингке шақырылды:
- О. Ибрагимова — АИТВ жұқтырған адамдардың Қазақстандағы бағдарламалық координаторы.
- Е. Нурсанов — Ақтөбе облысы наркологиялық диспансері бастығының орынбасары.
- А. Жайлаубаева — ЖҚТБ орталығының өкілі, алдын алу бөлімінің меңгерушісі.
- С. Даут — дәрігер – эпидемиолог.
Семинар-тренингте келесі тақырыптар қарастырылды:
– Эпидемиологиялық түсінік, алдын алу, АИТВ-ЖҚТБ-мен ауырған адамдарды күту;
– Құқық қорғау органы қызметкерлерінің қоғамдық денсаулықты сақтауда, қатерлі топтармен олар жұмыс жасағандағы атқаратын жұмыстарына шолу;
– тінту және наркотәуелділікке кіріспе және зияндылықты азайту шаралары;
– құқық қорғау органдары, наша қолданатын адамдарға жеке қарау әрекеті, моральдық нормалар;
– АИТВ-ЖҚТБ эпидемиясының алдын алу жұмысының тиімділігін көтеру мақсатында топтармен жұмыс жасауды ұйымдастыру.
Семинар-тренинг аяқталған соң, барлық қатысқан тыңдаушыларға сертификат берілді.
КжҚБФ аға әдіскер оқытушысы
полиция майоры
А.Сагынтаева